"Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 14/01 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 10 ақпандағы
№ 14/01 қаулысымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

      1. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) әлеуметтік серіктестік және халықты әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмыспен қамту саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомствосы: Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Күншуақ көшесі, 2.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Осакаровского района".

      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын мемлекеттік қызмет көрсету саласында сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

      2) әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша мониторингті жүзеге асыру;

      3) жұмыспен қамту мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      4) бюджет қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік көмекке талапкерлерден қажетті құжаттарды сұрау, ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру;

      Бөлімнің компетенциясына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдардан тегін негізде ақпарат сұрау және алу;

      Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен отырыстарды өткізу;

      ішкі қолдану үшін пайдаланатын ұсынылған құжаттардың көшірмесін растау;

      Бөлімнің қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      қажетті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша ақпарат алуға сұрау салу арқылы тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада көзделген және нормативтік актілеріне сәйкес комиссиялар құру;

      қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған органға тиісті ақпарат беру;

      Бөлім әкімші болып, тиісті мәслихатпен бюджеттік бағдарламаларды бекіту үшін аудан әкімдігіне енгізу;

      жергілікті бюджеттің (нақтылауымен) бекітуімен аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;

      Бөлімнің құзырына жататын мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;

      Бөлімге жүктелген қажетті жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік органдардан ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық мәліметтерді алу;

      заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

      16. Функциялары:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету бойынша шараларды қолданады;

      2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді;

      3) жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      4) әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың контингентін анықтайды;

      5) аудандандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдауды, облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлауды қамтамасыз етеді;

      6) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      7) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асырады;

      8) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      9) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдайды;

      10) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;

      11) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асырады;

      12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықпен өзара іс-қимыл жасайды;

      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, халықты жұмыспен қамту және азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік көмек түрлері мәселелері бойынша ақпараттандырылады;

      14) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізеді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді;

      15) қарт адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерін көрсету бойынша және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі басқа да қызметтер жүзеге асырады;

      16) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;

      19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;

      20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсынады;

      21) мүгедектігі бар балаларға үйде оқыту шығындарын өтейді;

      22) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) Бөлімнің құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      23) 1, 2 топтағы жалғызбасты мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау бойынша үстемақы ретінде әлеуметтік көмек көрсетеді;

      24) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      25) Бөлім жанынан құрылатын комиссиялардың, кеңестердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      26) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      27) мүгедектігі бар әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асырады;

      28) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жоғары тұрған органмен, аудан әкімі аппаратымен және мәслихатпен өзара іс-қимыл жасайды;

      29) іс жүргізуді енгізу және құжаттамалық қамтамасыз етуді, кадрлық, ұйымдастырушылық, бақылау және құқықтық жұмыстарды қамтамасыз етеді;

      30) Бөлімнің ведомстволық, қаржылық, статистикалық есеп, жоспарлау - экономикалық қызметін, кассалық және банктік операциялар бойынша есепке алады мен есептілікті жүргізеді;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысы аудан әкімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі:

      1) Бөлімнің міндеттері мен өкілеттіліктерін, сонымен қатар бөлімшенің функцияларын анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Бөлімнің қызметкерлерін, Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлімнің қызметкерлеріне қойылған тәртіп бойынша тәртіптік жаза қолданады;

      4) құзыреті шегінде Бөлім бойынша бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      5) Бөлімнің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және көтермелеу туралы шешімдер қабылдайды;

      6) Бөлімнің мүдделерін мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерге ұсынады;

      7) аудан әкімдігі мен әкімінің алдында өзінің жұмысы мен мекемедегі қызметі туралы есеп береді;

      8) өз компетенциясының шегінде Бөлімнің қаражаты мен мүлігіне иелік етеді;

      9) өзінің өкілеттілігінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын оның бағыныштылары бұзған үшін дербес жауапкершілік тартады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады