"Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 70/01 "Осакаров ауданының жайылым айналымдарының Схемасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 47/01 қаулысы

      Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №70/01 "Осакаров ауданының жайылым айналымдарының Схемасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4569 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осакаров ауданының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18,19, 20, 21, 22, 23, 24 қосымшаларына сәйкес Осакаров ауданының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары бекітілсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады