Телекоммуникациялық байланыс желілерін төсеу және пайдалану үшін жер учаскелеріне "Кар-Тел" ЖШС Жария сервитут белгілеу туралы (шешім жобасы)

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің әкімінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару", Осакаровка кентінің әкімі ШЕШІМІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес телекоммуникациялық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Осакаровка кентінің жерінде орналасқан қырық тоғыз жыл мерзімге жер учаскесін алып қоймай, ауданы 0,32 га жер учаскесіне "Кар-Тел" ЖШС жария сервитуты белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С.Т. Акижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады