Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №347 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
"1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 17349545,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2379319 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17244 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 14952982,7 мың теңге;
2) шығындар – 17458388,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 45458 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 306696 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 261238 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -154301 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 154301 мың теңге;
қарыздар түсімі – 306696 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 261238 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 108843 мың теңге;
мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
10-1. Қала, кент, ауылдық округ бюджеттерінен 2024 жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің түсімдері 2220,2 мың теңге сомасында көзделсін.";
Көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. ӘЛІШ |
Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы "26" ақпандағы №377 шешіміне қосымша |
Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы "23" желтоқсандағы №347 шешіміне 1-қосымша |
2025 жылға арналған аудандық бюджет
Санаты | Атауы | Сомасы, мың теңге | ||
Сыныбы | ||||
Iшкi сыныбы | ||||
1. Кірістер | 17349545,7 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 2379319 | ||
01 | Табыс салығы | 1068039 | ||
1 | Корпоративтік табыс салығы | 232369 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 835670 | ||
03 | Әлеуметтiк салық | 770000 | ||
1 | Әлеуметтік салық | 770000 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 464000 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 464000 | ||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 23780 | ||
2 | Акциздер | 6500 | ||
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 17280 | ||
08 | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 53500 | ||
1 | Мемлекеттік баж | 53500 | ||
2 | Салықтық емес түсiмдер | 17244 | ||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 17244 | ||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 16644 | ||
7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 600 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 14952982,7 | ||
01 | Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер | 2220,2 | ||
3 | Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтардың бюджеттерінен трансферттер | 2220,2 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 14950762,5 | ||
2 | Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер | 14950762,5 | ||
Функционалдық топ | ||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi | ||||
Бағдарлама | ||||
2. Шығындар | 17458388,7 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер | 1799076 | ||
112 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты | 76827 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 76827 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 476457 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 475453 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1004 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 304889 | ||
001 | Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 74863 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 230026 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 124022 | ||
001 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 116551 | ||
010 | Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу | 3947 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 3524 | ||
494 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі | 39082 | ||
001 | Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 39082 | ||
472 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі | 777799 | ||
040 | Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту | 777799 | ||
02 | Қорғаныс | 37935 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 37935 | ||
005 | Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар | 12102 | ||
006 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою | 19534 | ||
007 | Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар | 6299 | ||
03 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 21938 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 21938 | ||
021 | Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету | 21938 | ||
06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 1590675,4 | ||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | 1590675,4 | ||
001 | Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 156751 | ||
003 | Қайтыс болған Совет Одағының батырларын, "Халық қаһармандарын", Социалистік Еңбек ерлерін, Даңқ Орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарді жерлеу рәсімдері бойынша қызмет көрсету | 138 | ||
004 | Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету | 70077 | ||
005 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек | 165346 | ||
006 | Тұрғын үйге көмек көрсету | 3633 | ||
007 | Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек | 112849 | ||
009 | 1999 жылдың 26 шілдесінде "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық Қаһарманы" атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау | 141 | ||
010 | Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету | 8854 | ||
011 | Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу | 852 | ||
014 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету | 280891,4 | ||
017 | Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу,жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету | 632155 | ||
027 | Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру | 64868 | ||
050 | Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту | 37558 | ||
054 | Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру | 56562 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1022345 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 738020 | ||
015 | Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру | 3928 | ||
018 | Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру | 487454 | ||
026 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру | 5709 | ||
027 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін қолдануды ұйымдастыру | 24553 | ||
029 | Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту | 215769 | ||
049 | Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу | 607 | ||
472 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі | 284325 | ||
004 | Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру | 92285 | ||
058 | Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту | 192040 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 1196740 | ||
455 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі | 661956 | ||
001 | Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 52026 | ||
003 | Мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 251472 | ||
006 | Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi | 349201 | ||
007 | Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту | 956 | ||
009 | Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету | 1391 | ||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 4680 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 2230 | ||
804 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі | 280718 | ||
001 | Дене тәрбиесі, спорт және туризм саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер | 41467 | ||
005 | Көпшілік спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту | 194186 | ||
006 | Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорт жарыстарын өткізу | 12208 | ||
007 | Облыстық спорт жарыстарында түрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы | 32857 | ||
821 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қоғамдық даму бөлімі | 254066 | ||
001 | Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 89101 | ||
003 | Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру | 93244 | ||
004 | Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер | 71721 | ||
9 | Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану | 2031257,6 | ||
472 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі | 2031257,6 | ||
009 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 10 | ||
036 | Газ тасымалдау жүйесін дамыту | 2031247,6 | ||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 199355 | ||
477 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі | 199355 | ||
001 | Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 106962 | ||
011 | Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру | 6401 | ||
099 | Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру | 85992 | ||
11 | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 72205 | ||
472 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі | 72205 | ||
001 | Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 72205 | ||
12 | Көлiк және коммуникация | 1673190 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 1673190 | ||
023 | Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 114468 | ||
037 | Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау | 36162 | ||
045 | Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу | 1522560 | ||
13 | Басқалар | 3584827 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 1863106 | ||
062 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 776795 | ||
064 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту | 348483 | ||
085 | Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру | 737828 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 47930 | ||
012 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві | 47930 | ||
472 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі | 1669873 | ||
079 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту | 1669873 | ||
494 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі | 3918 | ||
006 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | 3918 | ||
14 | Борышқа қызмет көрсету | 102678 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 102678 | ||
021 | Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету | 102678 | ||
15 | Трансферттер | 4126166,7 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 4126166,7 | ||
006 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 433,8 | ||
024 | Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер | 1893894 | ||
038 | Субвенциялар | 2231838 | ||
054 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару | 0,9 | ||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 45458 | |||
Бюджеттік кредиттер | 306696 | |||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 306696 | ||
477 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі | 306696 | ||
004 | Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер | 306696 | ||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 261238 | |||
5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 261238 | ||
01 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 261238 | ||
1 | Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 261238 | ||
4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | -154301 | |||
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 154301 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 306696 | ||
01 | Мемлекеттік ішкі қарыздар | 306696 | ||
2 | Қарыз алу келісім-шарттары | 306696 | ||
16 | Қарыздарды өтеу | 261238 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 261238 | ||
005 | Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу | 261238 | ||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 108843 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 108843 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 108843 |