Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. А. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Маңғыстау облысының әкімінің міндетін атқарушысы | Е.Ізбергенов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "23" қантардағы | |
№ 11-02/14 қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
р№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Ғылыми-техникалық | 975 | 17123 |
2 | Туризм және өлкетану | 450 | 17123 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 415 | 17123 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 620 | 17123 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 620 | 17123 |
6 | Гуманитарлық | 1405 | 17123 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 1515 | 17123 |
Барлығы | 6000 | - |