"Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 31 қазандағы № 172-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 42-нқ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 31 қазандағы № 172-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы Ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) функционалдық қызметі Министрліктің реттелетін салаларына кіретін ұйымдардың;";

      16-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "16. ҒТК жұмысын Жұмыс органы ұйымдастырады. ҒТК-нiң жұмыс органы "Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы болып табылады.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Нұржігітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады