Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық жер комиссиясының 2024 жылғы 27 қарашадағы (№03-06/51 хаттамасы) қорытындысы, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 10.01.2025 жылғы № KZ38VBG01527493, № KZ68VBG01527438, № KZ63VBG01527431, № KZ39VBG01527378, № KZ75VBG01527506 бұйрықтары және "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамының өтініші негізінде, Қызылсай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылсай ауылынан жоғарғы, орташа және төменгі қысымдағы газ құбырларын орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 1,9469 гектар жер учаскесі "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамына (БСН: 020440001144) жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қызылсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман Ж. Андреева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жариялауға, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Қызылсай ауылы әкімдігінің бас маманы С. Аяшеваға жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылсай ауылының әкімі | Қ. Аманжанов |
Қызылсай ауылы әкімінің | |
2025 жылғы "04" наурыздағы | |
№09 шешіміне қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ | Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, гектар |
1 | Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін | 0,1415 |
2 | Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, Оңтүстік ауыл көшесі, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін | 0,4198 |
3 | Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, Жоғарғы ауыл көшесі, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін | 0,5180 |
4 | Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, орташа қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін | 0,5738 |
5 | Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, жоғары қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін | 0,2938 |
Барлығы: | 1,9469 |