Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 10 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы, босалқы жер қорынан жалпы көлемі 0,7676 гектар жер учаскесіне "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамына жоғары қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін, жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

     
      С.Төретаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады