Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің 2025 жылғы 7 наурызда № 17 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69-баптарына cәйкес, Мұнайшы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мұнайшы ауылы жерінен жалпы көлемі 0,0732 гектар жер учаскесін "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамына "төмен қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану" үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Бекмурзаев

  Мұнайшы ауылы әкімінің
  "07" наурыз 2025 жылғы
  № 17 шешіміне қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі


Жер санаты және жер пайдаланушылар атауы

Барлық жер, га


"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ

0,0732


Елді мекеннің жерлері

0,0548


оның ішінде:

1

13197007606

0,0040

2

13197007772

0,0034

3

13197007283

0,0044

4

13197007076

0,0040

5

13197007255

0,0026

Жоспар шекарасындағы барлық жерлер

0,0732


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады