Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылыны әкімінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 07 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Сенек ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сенек ауылы жерінен жалпы көлемі 0,0020 гектар жер учаскесін "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамына №66 шкафты газ реттеу пунктін орналастыру және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Сенек ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      А.Ерболов

  Сенек ауылы әкімінің
  18 ақпандағы 2025 жылғы
  №07 шешіміне қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

I

Сенек ауылының жері

0,0020

Барлығы:

0,0020


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады