Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкімінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 12 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамына Жетібай ауылы, Т.Әубәкіров шағын ауданы жерінен жалпы көлемі 0,3881 гектар жер учаскесін төмен қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жетібай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жетібай ауылының әкімі Т. Кошкинов

  Жетібай ауылы әкімінің
  " 3 " ақпан 2025 жылғы
  № 12 шешіміне қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі


Жер санаты және жер пайдаланушылар атауы

Барлық жер, га


Елді мекеннің жерлері



"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ

0,3881


оның ішінде:


1

13-197-006-1573 (электр желісінің тіректері)

0,0233

2

13-197-006-1509

0,0010

3

Елді мекеннің жерлері

0,3638


Барлығы

0,3881


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады