Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы 8 мамырдағы | |
№ 705 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,6091 гектар, "Юбилейный" шағын ауданына инженерлік коммуникациялардың құрылысы" объектісі бойынша жүргізу және пайдалану үшін. Қостанай қаласының алаңішілік желілері. Түзету. (Канализация);
2) Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 1,2100 гектар, "Юбилейный" шағын ауданына инженерлік коммуникациялардың құрылысы" объектісі бойынша жүргізу және пайдалану үшін. Қостанай қаласының алаңішілік желілері. Түзету. (Су құбыры);
3) Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,9011 гектар, "Юбилейный" шағын ауданына инженерлік коммуникациялардың құрылысы" объектісі бойынша жүргізу және пайдалану үшін. Қостанай қаласының алаңішілік желілері. Түзету. (Жылу трассасы).