Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жер санатынан жалпы алаңы 0,0503 гектар Лисаков қаласы мекенжайы бойынша "Жеткізуші газ құбыры" объектісі бойынша газ құбырына қызмет көрсету және пайдалану үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |