Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Казахтелеком" акционерлік қоғамына Қостанай облысының Алтынсарин ауданы, Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы, Октябрьская және М.Хакимжанова көшелері шекарасында орналасқан, "2024 жылы В2G сегменті үшін талшықты оптикалық байланыс желісін салу, Қостанай облысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон канализациясын төсеу және пайдалану үшін, жалпы ауданы 0,1243 гектар, оның ішінде жалпы ұзындығы L – 623,59 м, ені В-2м, 10 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығындағы (қоғамдық сервитут) жер учаскесіне белгіленсін.
2. "Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамту:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне электрондық түрде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдау;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі интернет – ресурсында орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімі | С. Утебасова |