Шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 11 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2025 жылғы 06 мамырдағы № 9 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің аумағында Горький көшесі, Сериков көшесінің шекарасында орналасқан жалпы көлемі 0,4000 гектар жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, орнату және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.

      2. "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Құсмұрын кенті әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Абжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады