2025 жылғы 17 сәуірдегі № 8 Әулиекөл ауданының жер телімін беру жөніндегі комиссиясының отырысының хаттамасының үзіндісінен, "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 109 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Новонежин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу" жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін және телефон канализациясын орнату және пайдалану үшін 2024 жылы В2G сегменті үшін Қостанай облысы" Новонежин ауылдық округі, Новонежин ауылының Терешкова көшесі, Щорса көшесі шекарасында орналасқан жалпы ауданы 0,1291 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне 10 жылға мерзімімен шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.
2. "Новонежин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін "Новонежин ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новонежин ауылдық округінің әкімі | С. Смағұлов |