Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 98 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Костанай Строй Индустрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін, Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 56200 м2 жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін.

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады