Қазақстан Республикасының Жер кодексініңың 17 бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Михайлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылдық округі, Михайловка ауылы, Ленин көшесінің бойындағы талшықты телефон байланысы мен телефон байланысын пайдалану үшін "Қазақтелеком" АҚ-на 10 жыл мерзімге 0,0483 га бөлінетін жер учаскесінде шектеулі мақсатты жер пайдалану (қоғамдық сервитут) "Қостанай облысы 2024 жылы B2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу" жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон арналарын орнату және пайдалану бойынша құқығы берілсін.
2. "Меңдықара ауданының Михайлов ауыдық округінің әкімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Меңдықара ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
М. Джафарова |