"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйені пайдалану арқылы проактивті форматта I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта рәсімдеу процесі жөніндегі пилоттық жобаларды іске қосу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 2-П және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 26/нқ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру бойынша пилоттық жобалар іске қосылсын.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру кезінде қоса беріліп отырған уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.

      3. Пилоттық жобаға қатысушылар:

      1) "Ақпараттандыру туралы" Заңының 54-бабы 3-2 тармағына сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын (бұдан әрі-МЖО) құруды және оның жұмыс істеуін немесе МЖО қызметтерін сатып алуды;

      2) дербес деректерді жинау және өңдеу процестеріне қатысатын меншікті ақпараттандыру объектілерін дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисімен интеграциялауды қамтамасыз етсін.

      4. Ұйымдар пилоттық жобаға қатысу кезінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес төменде көрсетілгендер бар болған жағдайда интеграцияны қамтамасыз етсін:

      1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар хаттамалар;

      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шарттары;

      3) өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Орталықтың ақпараттық қауіпсіздікті Ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі жөніндегі шаралар қабылдау.

      5. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті осы бірлескен бұйрықты мүдделі лауазымды тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне жеткізсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 15 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
_________/ Н. Шәрбиев
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
___________/ Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 8 қаңтардағы
№ 2-П және
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы 23 қаңтардағы
№ 26/нқ бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйені пайдалану арқылы проактивті форматта I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қайта рәсімдеу процесі жөніндегі пилоттық жобаларды іске қосу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-қимыл алгоритмі

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйені пайдалану арқылы проактивті форматта I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қайта рәсімдеу процесі жөніндегі пилоттық жобаларды іске қосу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйені пайдалану арқылы проактивті форматта I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қызмет алушының атауын өзгерткен жағдайда қайта рәсімдеу процесі жөніндегі пилоттық жобаларды іске қосу кезінде "I және II санаттағы объектілер үшін экологиялық әсер ету рұқсаттарын беру" (бұдан әрі – Қызметтер) қызметтері бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) абоненттік нөмір – абонентпен шарт жасалған кезде оған пайдалануға берілетін нөмір, ол арқылы басқа абоненттік жабдықпен байланыс орнатылады және абонентті желіде анықтауға мүмкіндік береді;

      2) "e-license" ақпараттық жүйесі (e-license) – Рұқсат беру құжаттары мен лицензияларды беруге арналған ақпараттық жүйе;

      3) қызмет алушы – Қызметті алушы (ұйымның бірінші басшысы, ұйымның мүдделерін білдіретін тұлға);

      4) қысқаша мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс операторы ұсынатын қызмет, ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және жіберу қызметі;

      5) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісіндегі абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы, ол ұялы байланыс желісі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету және ақпараттық хабарламалар жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылады;

      6) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесі (бұдан әрі – SDU) – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинау, сақтау және кешенді талдау жүйесі, ол мемлекеттік органдарға деректер негізінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған талдамалық платформаны ұсынады;

      7) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа, оның ішінде нормативтік-құқықтық базаға және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру қызметтеріне және электрондық түрде көрсетілетін қазыналық емес сектор қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      8) АХАЖ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) – Қазақстан Республикас халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиғалар (туу, қайтыс болу, неке қию немесе бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және ТАӘ-ні өзгерту) бойынша тіркеуге арналған, бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер ЖТ МДҚ-ға беріледі;  

      9) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – бұл бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі, құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес- сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыру және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;

      10) жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – "ЖТ МДҚ" АЖ) – азаматтық жағдайды сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі.

2-бөлім. "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйені пайдалану арқылы проактивті форматта I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қайта рәсімдеу процесі жөніндегі пилоттық жобаларды іске қосу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      3. Қолданыстағы интеграцияны пайдалана отырып, "Деректерді басқару талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысының 5-бөлімінің талаптарына сәйкес SDU заңды тұлғалардың атауын өзгерткен ұйымдар туралы мәліметтерді ЗТ МДҚ-дан қабылдайды, олар Қазақстан Республикасының "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес өңделуі мүмкін.

      4. SDU атауын өзгерткен ұйымдарда "e-license" АЖ-да "I және II санаттағы объектілер үшін экологиялық әсер ету рұқсатын беру" қызметтері аясында берілетін рұқсат беру құжаттарының бар-жоғын тексереді.

      5. SDU атауын өзгерткен ұйымдарға қатысты Алгоритмнің 4-тармағы нәтижесі бойынша қалыптасқан "ЗТ МДҚ" АЖ бірінші басшылардың тізімін сегменттейді.

      6. SDU қызмет алушыларға қатысты Алгоритмнің 5-тармағы нәтижесі бойынша қалыптасқан "ЗТ МДҚ" АЖ және "АХАЖ" ақпараттық жүйелерінде келесі өлшемшарттар бойынша:

      1) қызмет алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылмаса немесе қайтыс болды деп жарияланса;

      2) қызмет алушы басқа елде тұрақты тұрғылықты жерінде болмайды;

      3) қызмет алушы әрекетке қабілетсіз болып табылмайды (психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мағынасын түсінбейтін немесе оларды басқара алмайтын азамат сот шешімімен әрекеті қабілетсіз деп танылуы мүмкін, сонымен қатар оған қамқоршылық белгіленеді);

      4) қызмет алушының жазасын өтеу орындарында болмаған жағдайда тексеру жүргізеді.

      Қызметті алушы көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, ол қалыптастырылған тізімнен шығарылуға тиіс.

      7. Қызмет алушылар болып табылатын қызметтерді алу құқығына ие ұйымдардың тізімі және осы ұйымдардың алғашқы басшыларының тізімі, SDU арқылы ЭҮП-ке жіберіледі.

      8. Құжаттарды ұсыну дұрыстығына мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің иесі жауапты.

      9. ЭҮП қызмет алушылар бойынша МАБ-та тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірінің бар-жоғын тексереді.

      10. Егер қызмет алушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі болмаса МАБ-та І және II санаттағы объектілер үшін экологиялық әсер ету рұқсаттарын беру процесі тоқтатылады.

      11. ЭҮП алынған тізімге сәйкес SMS-хабарламасын осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес жібереді.

      12. Қызмет алушыдан оң жауап алынған жағдайда, "e-license" АЖ-да жаңартылған Рұқсат беру құжаты жасалады, кейін жаңартылған қызмет алушы туралы мәліметтер SDU жүйесіне жазылады.

      13. Егер әлеуетті қызмет алушыдан жауап 3 күн ішінде алынбаса, осы Алгоритмнің 4-тармағына сәйкес SMS -хабарламасы қайта жіберіледі.

      14. Егер 3 күн ішінде қызмет алушыдан жауап алынбаса, осы Алгоритмнің 6-тармағына сәйкес процесс аяқталады.

      15. Қызмет алушыдан теріс жауап алынған жағдайда, процесс аяқталады.

      16. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара әрекеттесуі үздіксіз және Қызметтің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйені пайдалану арқылы проактивті форматта I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қайта рәсімдеу процесі жөніндегі пилоттық жобаларды іске қосу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-қимыл алгоритмі бойынша процестң визуалды схемасы Алгоритмге 2-қосымшада көрсетілген.

3-бөлім. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі

      17. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      18. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйенің тараптары-ақпаратты беретін сервис иелері қамтамасыз етеді.

      19. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігі мен өзгермейтіндігін қалыптастыруды және форматтық-логикалық бақылауды уақтылы белгілеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің "Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау" мемлекеттік сервисі арқылы көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алғанын растауды қамтамасыз етеді.

  "Smart Data Ukimet"
ақпараттық-талдамалық жүйені
пайдалану арқылы проактивті
форматта I және II санаттағы
объектілерге әсер етуге
экологиялық рұқсатты беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметін қайта рәсімдеу процесі
жөніндегі пилоттық жобаларды
іске қосу кезінде мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың
іс-қимыл алгоритміне
1-қосымша

      Құрметті азамат (ша)! Осы мемлекеттік қызмет шеңберінде көрсетілетін қызметті алушының атауы өзгерген жағдайда растау үшін келесі мәтіні бар SMS-ті жолдау қажет: келісемін 1, келіспеймін 2. Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс-орталығына хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

  "Smart Data Ukimet"
ақпараттық-талдамалық жүйені
пайдалану арқылы проактивті
форматта I және II санаттағы
объектілерге әсер етуге
экологиялық рұқсатты беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметін қайта рәсімдеу процесі
жөніндегі пилоттық жобаларды
іске қосу кезінде мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың
іс-қимыл алгоритміне
2-қосымша

     



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады