Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес орман өртін сөндіруге қатысатын мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциясы, әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттердің алдын алу, анықтау және сөндіру дағдыларына оқудан өтуін ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған орман өртін сөндіруге қатысатын мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциясы қызметкерлерін, авиациялық-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің оқыту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министірлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министірлігінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 605 және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 320-Ө бірлескен бұйрығының күші жойылсын.
4. Облыс әкімдіктері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтары, төтенше жағдайлар департаменттері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК және облыстық аумақтық инспекциялары облыстық аумақтық инспекция, мемлекеттік орман күзеті, орман өртін сөндіру станциясы, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның республикалық диспетчерлік қызметі мен әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің оқытудан өтуін және оны ұйымдастыруды уақытылы қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуы бойынша жұмысты үйлестіру жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар және Экология және табиғи ресурстар вице-министрлеріне жүктелсін.
6. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
_________ Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
___________ Ш. Әрінов |
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман өртін сөндіруге оқыту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман өрттерін сөндіруге оқыту қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) орманды күзету және қорғау саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мемлекеттік орман қоры аумағында табиғи өрттер мен жануларды сөндіру жөніндегі дағдыларды игеруі, ормандардағы өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарды зерделеу, орман өрттерінің алдын алу және табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары жұмыстар кешенін орындау мақсатында әзірленді.
Қорғалатын орман алқабының ерекшеліктерін үнемі зерделеу әр қызметкердің тапсырмасы болып табылады және оның білімін тексеру кезінде ескеріледі.
2. Осы Қағидаларың тапсырмасы мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциялары, әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының (бұдан әрі – ҚР ТЖМ АҚА) базасында білікті оқыту болып табылады.
3. Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциялары және әуе өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің оқытудан өтуін жалпы ұйымдастыру және үйлестіру Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жүзеге асырады (бұдан әрі – ОШЖДК).
2-тарау. Әуе-өрт сөндіру қызметінің, орман өрт сөндіру станциясының, мемлекеттік орман күзетінің басшыларына оқытуды ұйымдастыру тәртібі
4. Мемлекеттік орман күзетінің, орман өрт станцияларының және әуе-өрт сөндіру қызметінің басшыларын табиғи өрттерді сөндіру дағдыларына оқыту осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекіту бойынша ҚР ТЖМ АҚА оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
5. Жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей облыстық аумақтық инспекция (бұдан әрі – ОАИ) осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі басшыларын оқытуға арналған өтінімдер мен тізімдерді ҚР ТЖМ АҚА-на жібереді.
6. ҚР ТЖМ АҚА өтінімдер негізінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жыл сайын жылдың аяғына дейін 30 тыңдаушыдан тұратын оқу тобына арнап, келесі оқу жылына оқу жоспарын әзірлейді және бекітеді.
7. ОАИ-ның бұйрығымен орман саласының білікті қызметкерлері қатарынан тартылатын дәріскерлердің құрамы (ҚР ТЖМ АҚА әрбір оқу орталығына), осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес білім беру бағдарламасының тақырыптары (69 сағат көлемінде), қорытынды бақылау тесттері, емтихан комиссиясының мүшелері (ОАИ өкілдерінің құрамынан) және лекторларды тарту мерзімдері айқындалады. Бұл бұйрық оқу басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ТЖМ АҚА-на жіберіледі.
Оқыту формасы теориялық және практикалық.
8. ҚР ТЖМ АҚА оқу орталықтарына бару және кері қайтуға байланысты шығындарды өтеу, оқу кезеңінде тамақпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің құзыреті бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізуді ҚР ТЖМ АҚА оқу орталықтарының оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.
10. Оқу орталығына оқуға келген мемлекеттік орман күзетінің, орман өрт станциялары мен әуе өрт қызметінің басшылары оқу кезеңінде ҚР ТЖМ АҚА бұйрығымен тыңдаушылар қатарына қабылданады.
11.Тыңдаушылар оқу орталықтарына келгеннен кейін өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары, маусым бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған арнайы киімдері және қажетті жазуға керек-жарақтары болуы қажет.
12. Сабақтар әр топқа ҚР ТЖМ АҚА бекітетін кестеге сәйкес өткізіледі. өртті сөндіруге ұйыммен және басшылықпен байланысты қызметкерлер санаты үшін – 36 сағаттан кем емес, қалған санаттарға-26 сағаттан кем емес.
13. Дәріс сабақтары күн сайын сағат 9:00-ден 13:20-ға дейін, әр дәріс 80 минуттан, 10 минуттық үзіліспен, өткізіледі. Тәжірибелік сабақтар түстен кейін сағат 15:00-ден бастап 17:50-ге дейін өткізіледі. Дәріскер болмаған жағдайда, сондай-ақ тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін қолайсыз ауа райы жағдайында сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге болады.
14. Оқу аяқталғаннан кейін тест қабылдауды осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ОАИ өкілдері құрамынан құрылған емтихан комиссиясы және оқу орталығының оқытушы құрамы жүзеге асырады, тест тапсыру нәтижелері еркін формадағы хаттамамен ресімделеді.
15. Оқыту нәтижелері сынақтарды қабылдау хаттамаларында және оқудан өткені туралы сертификатта көрсетіледі. Сертификат табиғи өрттерді сөндіру бойынша басшылықты жүзеге асыратын қызметкердің базалық құзыреттерінің болуын растайтын құжат болып табылады.
16. Тест нәтижелерін бағалау үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі пайдаланылады.
17. Тестілеу ОАИ әзірлеген және бекіткен 5 жауап нұсқасымен 50 сұрақтан тұрады, (тестілеуді тапсыру уақыты әр сұраққа 2 минуттан бөлінеді).
18. Тестілеу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға оның нәтижелері хабарланады. Қанағаттанарлықсыз баға алған кезде тыңдаушыларға сол күні қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Қайта тапсыру нәтижелері бойынша алынған "қанағаттанарлықсыз" баға тыңдаушыны оқудан шығаруға және сертификат беруден бас тартуға негіз болып табылады, сондай-ақ табиғи өртті сөндіру қызметін атқаруға мүмкіндік бермейді.
19. ОШЖДК осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өзінің интернет-ресурсында (электрондық форматта) оқудың аяқталғанын растайтын сертификаттарды орналастырады. Емтихан комиссиясының хаттамасы оқу орталығының орналасқан жері бойынша ОАИ-да сақталады.
3-тарау. Басшылық лауазым атқармайтын мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциясы мен әуе-өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне оқытуды жүргізу тәртібі
20. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген басшылар оларда ҚР ТЖМ АҚА сертификаты болған кезде мемлекеттік орман күзетінде, орман өрт сөндіру станцияларында және әуе-өрт сөндіру қызметінде басшылық лауазымдарды атқармайтын қызметкерлерді ОАИ бекіткен кестеге сәйкес тікелей жұмыс орнында одан әрі оқытады.
21. Басшылық лауазым атқармайтын қызметкерлерді жұмыс орнында оқытуды ұйымдастыру кезінде шақырылатын дәріскерлердің, сондай-ақ емтихан комиссиясы мүшелерінің құрамы ОАИ-дың тиісті бұйрықтарымен айқындалады, бұйрықта сабақ тақырыптар мен дәріскерлердің шақыртылатын мерзімдері бектіледі.
22. Басшылық лауазым атқармайтын қызметкерлерді жұмыс орнында оқытуды ұйымдастыру барысында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, ОАИ және Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – ТЖД, келісім бойынша) аумақтық бөлімшелерінің оқытушылар құрамымен қамтамасыз етіледі.
23. Жұмыс беруші қызметкерлерді оқытуға жібермес бұрын жол жүру және оқу процесінде жүріс-тұрыс ережелері туралы нұсқама өткізеді.
24. Басшылық лауазым атқармайтын қызметкерлерді жұмыс орнында оқыту ОАИ бұйрығының негізінде ұйымдастырылады.
25. Басшылық лауазым атқармайтын қызметкерлер жұмыс орнында оқуды аяқтағаннан кейін тест қабылдауды ОАИ өкілдері құрамынан, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК мамандарынан және ТЖД бөлімшесінің қызметкерінен (келісім бойынша) құрылған емтихан комиссиясы жүзеге асырады. Тест тапсыру нәтижелері еркін формадағы хаттамамен ресімделеді.
26. Емтихан комиссиясының хаттамасы негізінде басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыс орнында оқудан өткен және тестілеуді сәтті тапсырған адамдарға қатысты ОАИ үш жұмыс күн ішінде оқуды аяқтау туралы бұйрық шығарады және оқудың аяқталғанын растайтын хаттаманы (электронды түрде) ОШЖДК интернет-ресурсында орналастырады.
27. Кәсіптік даярлау жөніндегі нормативтік жаттығулар кешені және басшылық қызмет атқармайтын қызметкерлердің дене шынықтыру даярлығы жөніндегі бақылау нормативтері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман ртін сөндіруге оқыту қағидаларына 1-қосымша |
Облыстарды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтарына бекіту
Ақтөбе облысы | Атырау облысы | БҚО | Маңғыстау облысы | Астана қ. | Қарағанды облысы | Ұлытау облысы | Павлодар облысы | Ақмола облысы | Қостанай облысы | СҚО |
Ақтөбе қ. ОО | Астана қ. ОО | Көкшетау қ. ОО |
Кестенің жалғасы
ШҚО | Абай облысы | Алматы қ, | Алматы облысы | Жетісу облысы | Жамбыл облысы | Шымкент қ. | Қызылорда облысы | Түркістан облысы |
Өскемен қ. ОО | Алматы қ. ОО | Шымкент қ. ОО |
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман ртін сөндіруге оқыту қағидаларына 2-қосымша |
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның басшысына _______________ мемлекеттік орман күзетінің, орман өрт сөндіру станциясының, әуе-өрт сөндіру қызметінің басшыларын ___________________________ оқытуға 20__ жылғы __________ айларына өтінім
№ | ТАЖ (бар болса), ЖСН, ұялы телефон | Лауазымы | Білім алушылар санаты | Оқу кезеңі | Оқу орталығы орналасқан қаланың атауы |
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман ртін сөндіруге оқыту қағидаларына 3-қосымша |
20__ жылғы ____________________ айларына өрт сөндіру басшыларын оқытуға өтінім
№ | Білім алушылар санаты | Оқу кезеңі | Облыстардың орман мекемелері | |||||||||
Ақтөбе облысы | Атырау облысы | БҚО | Маңғыстау облысы | ҚОРЫТЫНДЫ | Астана қ. | Қарағанды облысы | Ұлытау облысы | Павлодар облысы | ҚОРЫТЫНДЫ | |||
Ақтөбе қ. оқу орталығы | Астана қ. оқу орталығы | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |||||
1 | ||||||||||||
2 | ||||||||||||
3 |
Кестенің жалғасы
Облыстардың орман мекемелері | ||||||
Ақмола облысы | Қостанай облысы | СҚО | ҚОРЫТЫНДЫ | ШҚО | Абай облысы | ҚОРЫТЫНДЫ |
Көкшетау қ. оқу орталығы | Өскемен қ. оқу орталығы | |||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | ||
Кестенің жалғасы
Облыстардың орман мекемелері | |||||||||
Алматы қ, | Алматы облысы | Жетісу облысы | Жамбыл облысы | ҚОРЫТЫНДЫ | Шымкент қ. | Қызылорда облысы | Түркістан облысы | ҚОРЫТЫНДЫ | ҚОРЫТЫНДЫ |
Алматы қ. оқу орталығы | Шымкент қ. оқу орталығы | ||||||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | |||
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман ртін сөндіруге оқыту қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциясы, әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман өрт сөндіру дағдыларына оқытудың білім беру бағдарламасы.
Мақсаты: Орман өртінің, сондай-ақ ведомство объектілеріндегі өрттің алдын алу, оларды анықтау және сөндіру қызметтерін орындауға қажетті кәсіби білім, іскерлік пен дағдыларға оқыту
Оқыту формасы: жұмыстан қол үзіп оқыту
Сабақ режимі: күніне 8 сағат
Бағдарламалық материалдың көлемі: 69 сағат
№ | Бөлімдер мен тақырыптардың атауы |
Барлығы | Оқытушы ОАИ ОШЖДК/АҚА | ||
Дәріс |
Практ./ | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1-бөлім: Ормандарды өрттен қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер | |||||
1. | № 1 тақырып. ҚР Орман кодексі (ормандарды қорғау бөлігінде). ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері (оның функцияларына қатысты бөлігінде). "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексі (оның функцияларына қатысты баптар бөлігінде). "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" ҚР Заңы. Орман қорын қорғау және күзету жөніндегі әуе жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары. Орман иесінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесі. Орман өрт сөндіру қызметінде қабылданған терминдер мен анықтамалар. | 2 | 2 | ОАИ | |
Барлығы: | 2 | 2 | ОАИ | ||
2-бөлім: Орман өрті және олардың даму ерекшеліктері | |||||
2. | № 1 тақырып. Орман өрттерінің жіктелуі. Орман өрттерінің пайда болу және даму жағдайы. | 2 | 2 | ОАИ | |
Барлығы: | 2 | 2 | ОАИ | ||
3-бөлім: ОАИ өртке қарсы профилактикасы | |||||
3. | № 1 тақырып. Ормандардағы өрт профилактикасы туралы жалпы түсініктер. Өртке қарсы тосқауылдардың жіктелуі. Кесу орындарын тазалау және кеспеағаштан тыс қоқыстарды жинау. Орман жолдарының құрылысы. Басы-қасында болып, өртеу арқылы өртке қарсы қорғаныс жолақтарын құру. Өрт су қоймаларының құрылысы. Өрт-бақылау пункттерінің, мұнаралардың, діңгектердің, ерте анықтау жүйелерінің желісін орнату. | 2 | 2 | ОАИ | |
Барлығы: | 2 | 2 | ОАИ | ||
4-бөлім: Орман өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұйымдастыру | |||||
4. | № 1 тақырып. Орман өрт сөндіру қызметтерінің жұмысын регламенттеу. Команданың жеке құрамының негізгі өрт сөндіру автомобиліндегі міндеттері жауынгерлік есеп нөмірлерінің табелі бойынша жүргізіледі. Өрт сөндірушінің жабдықтарымен танысу. Дабыл бойынша жинау және шығу кезінде команданың жеке құрамының іс-қимыл тәртібі. Навигациялық аспаптарды және орман отырғызу жоспарын пайдалана отырып, орман өртінің орнын анықтау. Объективті бақылау аспаптары, оларды пайдалану тәртібі. | 2 | 2 | ОАИ | |
Барлығы: | 2 | 2 | ОАИ | ||
5-бөлім: Байланыс және ақпараттық қамтамасыз ету | |||||
5. | № 1 тақырып. Байланыс жүйесін ұйымдастыру. Байланыс түрлері мен құралдары. УҚТ радиостанциялардың жұмыс принципі. Орман шаруашылығында қолданылатын радиостанциялардың тактикалық және техникалық сипаттамалары. | 2 | 2 | ОАИ | |
6. | № 2 тақырып. Ақпаратты жинау, өңдеу, беру және сақтау тәртібі. Жедел ақпарат түрлері. Радио алмасу қағидалары. | 2 | 2 | ОАИ | |
Барлығы: | 4 | 2 | 2 | ОАИ | |
6-бөлім: Орман өртін сөндіруді ұйымдастыру | |||||
7. | № 1 тақырып. Өрт сөндіру штабының жұмысын ұйымдастыру тәртібі. Орман өртін сөндіру басшысының, жедел өрт сөндіру штабы мүшелерінің және өрттегі жауынгерлік учаскелер басшыларының функционалдық міндеттері. | 2 | 2 | АҚА | |
Барлығы: | 2 | 2 | АҚА | ||
7-бөлім: Орман өртін сөндіру технологиясы | |||||
8. | № 1 тақырып. Өртті барлау және өртті сөндірудің бастапқы негізгі және ситуациялық жоспарларын жасау. Өртті сөндірудің тактикалық тәсілдері мен амалдарының жіктелімі. Өртті сөндірудің техникалық тәсілдері. | 2 | 2 | ОАИ | |
Барлығы: | 2 | 2 | ОАИ | ||
8-бөлім: Өрттің жекелеген түрлерін сөндіру тәсілдері мен амалдары және ерекшеліктері | ОАИ | ||||
9. | № 1 тақырып. Орман өртін сөндіру (жоғарғы, төменгі, теңбіл, шымтезек, тауларда). Дала өрттерін сөндіру. Өртті сөндіру және өртті қарауылдау . | 4 | 4 | ОАИ | |
Барлығы: | 4 | 4 | ОАИ | ||
9-бөлім: Орман өртін сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы | |||||
10. | № 1 тақырып. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері. Орман өртін сөндіруге рұқсат. Жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз ету тәртібі. Арнайы киіммен және далалық жабдықтармен қамтамасыз ету тәртібі. Өртті сөндіру жұмыс орындарында демалу және түнеу. | 2 | 2 | ОАИ | |
11. | № 2 тақырып. Орман өрт сөндіру топтарын жеткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Өртті барлау, сөндіру жоспарын әзірлеу және жеке құрамды дайындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Шетін сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Өртеу арқылы сөндіру кезіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі. Өрт сөндіру құрамдарымен және техникалық құралдармен сөндіру кезіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі. Өрттің әрекет ету аймағында іздестіру-құтқару және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру. | 2 | 2 | ОАИ | |
Барлығы: | 4 | 4 | ОАИ | ||
10-бөлім: Өрттен болған жарақаттар мен аурулар кезінде алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру, зардап шеккендерді эвакуациялау. | |||||
12. | № 1 тақырып. Өрттен болған жарақаттар мен аурулар кезінде алғашқы көмекті ұйымдастыру, зардап шеккендерді эвакуациялау. | 2 | 2 | АҚА | |
Барлығы: | 2 | 2 | АҚА | ||
11-бөлім: Орман өртін сөндіруде қолданылатын машиналар мен жабдықтар | |||||
13. | № 1 тақырып. Қолмен өрт сөндіру құралдары. Моторлы өрт сөндіру құралдары, жабдықтау мен жарақтандыру. Техникалық өрт сөндіру құралдары. Аспалы жабдықтар мен агрегаттар. | 2 | 2 | АҚА | |
14. | № 1 тақырып. Орман өрттерін сөндіру кезінде қолданылатын машиналар мен жабдықтар. Өрт сөндіргіш заттарды жеткізу (беру) құралдары мен тәсілдері. | 2 | 2 | АҚА | |
БАРЛЫҒЫ | 4 | 4 | АҚА | ||
12-бөлім: Кәсіптік даярлық (1-қосымша) | |||||
15. | 1-жаттығу – тікұшаққа отырғызу, тікұшақтан түсіру бойынша тренажерларда дайындық. | 1 | - | 1 | ӘӨСҚ |
16. | 2-жаттығу – "өртке" сигналы бойынша жинау және шығу | 1 | - | 1 | ӘӨСҚ |
17. | 3-жаттығу – шартты орман өртін сөндіру | 1 | - | 1 | ӘӨСҚ |
18. | 3.1-жаттығу – 2 (4 м) сору жеңін қосып, су айдынына АЦ орната отырып, "ашық су айдынынан" су алу. | 2 | - | 2 | АҚА |
19. | 4-жаттығу – ШОПК-ның "ашық су қоймасынан" су алуы. | 1 | - | 1 | ОАИ |
20. | 4.1-жаттығу – бөлімшенің өрттің оқшау ошағына "Б" екі оқпанын берумен АЦ-ға жауынгерлік өрістеуі | 2 | - | 2 | АҚА |
21. | 5-жаттығу – өрттің оқшау ошағына су берумен ШОПК жауынгерлік өрістеуі. | 2 | - | 2 | ОАИ |
22. | 5.1-жаттығу – өрттің шетіндегі қозғалыста ШОПК жауынгерлік өрістеуі. | 2 | - | 2 | ОАИ |
23. | 6-жаттығу – ≥ 50 м биіктікке екі сорғымен суды қайтара айдау арқылы су беру. | 1 | - | 1 | ОАИ |
Сынақтарды қабылдау | 4 | - | 4 | ОАИ | |
Барлығы: | 17 | 17 | ОАИ/АҚА | ||
13-бөлім: Өрт сөндіру автомобильдерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары, мақсаты мен құрылымы және ШОПК | |||||
24. | № 1 тақырып. Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиялары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қозғалтқыштарын қосымша салқындату жүйелері. | 1 | 1 | АҚА | |
25. | № 2 тақырып. Су және көбік түзетін ыдыс, су, көбік түзетін ыдысты және сорғы бөлігін жылыту. Көбікпен сөндіру құралдары туралы жалпы мәліметтер. | 1 | 1 | АҚА | |
26. | № 3 тақырып. Өрт сорғылары. Орталықтан тепкіш өрт сорғыларының вакуумдық жүйелері. | 1 | 1 | АҚА | |
27. | № 4 тақырып. Басқару органдары және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша жабдықтары. | 1 | 1 | АҚА / ОАИ | |
28. |
№ 5 тақырып. Өрт сөндіргіш заттарға арналған арнайы шанақ пен ыдыстар. | 1 | 1 | АҚА / ОАИ | |
Барлығы: | 5 | 3 | 2 | ||
14-бөлім: Өрт сөндіру автомобильдерін және олардың арнайы агрегаттарын диагностикалау, оларға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, ШОПК | |||||
| № 1 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерін және олардың арнайы агрегаттарын, ШОПК диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу. Өрт сөндіру автомобильдеріне және ШОПК техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидалары. | 2 | 2 | АҚА/ ОАИ | |
Барлығы: | 2 | 2 | |||
15-бөлім: Орманды өрттен қорғау саласының "Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі әуе жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары", басқа заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің негізгі талаптары | |||||
| № 1 тақырып. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі әуе жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары. Десанттық жұмыстарды орындау ережелері (ДЖОЕ-2016). | 2 | 2 | ОАИ | |
30-1 | Тренажер мұнарадан және тікұшақтан десант түсіруге дайындық (сынып-топ 2 сағат) "Қазавиаорманқорғау" РМҚК базасында өткізіледі | 2 | 2 | ОАИ | |
30-2 | Тренажер мұнарадан және тікұшақтан түсіруді тәжірибеде орындау (тәжірибелік дайындық 7 сағат) | 7 | ӘӨСҚ | ||
Барлығы: | 4 | 11 | |||
Қорытынды бақылау | |||||
Емтихан қабылдау (тестілеу) | 4 | 4 | ОАИ | ||
Барлығы: | 69 | 48 | 21 |
Ескертпе:
*Сабақ тақырыптарын тыңдаушылардың санатына қарай ОАИ анықтайды.
**Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің құзыретіне жатпайтын тақырыптар туралы ОАИ хабардар болуы керек.
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман ртін сөндіруге оқыту қағидаларына 5-қосымша |
Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Ұпайлардың сандық баламасы | % мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
A | 4,0 | 95 – 100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90 – 94 | |
B+ | 3,33 | 85 – 89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80 – 84 | |
B- | 2,67 | 75 – 79 | |
C+ | 2,33 | 70 – 74 | |
C | 2,0 | 65 – 69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1,67 | 60 – 64 | |
D+ | 1,33 | 55 – 59 | |
D | 1,0 | 50 – 54 | |
FX | 0,5 | 25 – 49 | Қанағаттанарлықсыз |
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман ртін сөндіруге оқыту қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
________________________________________________________________________________
(Білім беру ұйымының атауы) СЕРТИФИКАТ
____________________________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
____________________________________________________________________
(оқудан өткен мерзімі)
____________________________________________________________________
(санат атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
оқу курстарынан өтті
____________________________________________________________________
(қорытынды баға)
Білім беру ұйымының бастығы ____________________________________
Место
для QR – кода
QR – код орны
___________ қаласы 20 ____ ж. "__" ______ тіркеу № ____________
Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін орман ртін сөндіруге оқыту қағидаларына 7-қосымша |
Мемлекеттік орман қорғау, орман өрт сөндіру станциясының, әуе-өрт сөндіру қызметкерлерін кәсіптік даярлау бойынша нормативтік жаттығулар кешені
1-жаттығу – "Команда (топ) аттану (шығу)" сигналы бойынша жиын.
Орман өрт сөндіру станциясының (бұдан әрі – ОӨСҚ) жауынгерлік есебі жауынгерлік киімдерді (жабдықтарды) киеді, байланыс құралдарын (киілетін, тасымалданатын), жеке қорғаныс құралдарын алады және өрт сөндіру машинасына немесе шағын орман патрульдік кешеніне (бұдан әрі – ШОПК) орналасады. Бақылау уақыты: 1 мин – өте жақсы, 1 мин 30 сек. – жақсы, 2 мин – қанағаттанарлық.
Әуе-өрт сөндіру қызметі командасы (бұдан әрі – ӘӨСҚ) (тобы) жауынгерлік киім (жабдық) киеді, байланыс құралдарын (киілетін, тасымалданатын), жеке қорғаныс құралдарын алады, жеке және командалық жиналмалы мүліктерді, қолмен өрт сөндіру құралдарын, мотопомпаны (жиынтықта), үрлегішті, гидроимпульстік бүрку жүйесі бұдан (әрі – ГИБЖ) тікұшақ алаңына (тұрағына) тасиды.
Бақылау уақыты: 5 мин. – өте жақсы, 10 мин. - жақсы, 15 мин. - қанағаттанарлық.
2-жаттығу – "Шартты өртті сөндіру".
Аумағы 10 х 10 м. шартты өрттің белгіленген учаскесінде құрамы 5 қызметкерден тұратын командамен (топ) орындалады. Учаске құрғақ жанғыш материалдың (пішен, сабан) жұқа, борпылдақ қабатымен (қалыңдығы 3-5 см.) жабылады. Учаскенің шекарасында ұзындығы 2 м.-ге дейін, d 30 см-ге дейін бөрене төселген. Учаскенің ортасында сыйымдылығы 1 л. жанғыш қоспасы бар, ауданы 1 шаршы м. Болатын ыдыс (ванна) орнатылады. Қатысушылар түтінге қарсы маскаларда (газқағарларда) жұмыс істейді.
Команда (топ) ені кемінде 50 см. минералданған жолақ жасайды. Минералданған жолақ учаскесінің ұзындығы 20 м. құрайды.
Ұзындығы 20 м., ені 0.6 – 0,7 м. тірек көбік жолағы көбік шығаратын саптамасы бар үрлегішті пайдалана отырып, ақаусыз және үзбей орындалады.
Бөрене шынжырлы арамен 3 бөлікке кесіледі және оны сыртқы жағына жинайды.
Тірек жолағы (көбік, минералданған) дайын болған кезде тұтандырғыш аппараттың көмегімен "өртеу" орындалады. Өртеу белгіленген ережелерді сақтай отырып орындалады.
Шартты өрт жиегін РОБ-ты, ауа үрлегіштер немесе ГИШЖ (қолмен моторлау құралы) пайдалана отырып сөндіру өрттің тірек жолағынан асып таралуына жол бермеу мақсатында орындалады.
Учаске ортасындағы өрт ошағының қарқынды жануын сөндіру автоцистернаны (бұдан әрі – АЦ) ("В" оқпанын) немесе ШОПК қолдана отырып, жүзеге асырылады.
3-жаттығу – АЦ-ны 2 (4 м.) сорғыш жеңді су қоймасына жалғау арқылы "ашық су қоймасынан" су алу тапсырмасын орындау.
"Автоцистернаны су қоймасына (сорғыш жеңдердің санын көрсет) сал!" пәрмені болғанда жүргізуші сорғының су тартатын келтеқұбырының тығынын ажыратады да көліктің сатысына тұрып, сорғыш жеңдердің бекіткішін босатып, пеналдан 1.5 – 2 м. бір жеңді суырады. Өрт сөндіруші көлікке жүгіріп келіп, жәшіктен сорғыш торды арқанымен алып, арқанды тарқатады да торды сорғыш жеңнің бос салбырап тұрған ұшына жалғайды. Одан АЦ-ға жүгіріп келіп, жүргізушімен сорғыш жеңдерді (бірінен соң бірін ретімен) алады. Олардың біреуін сорғының қасына тастайды, ал екіншісін (сорғыш тор бекітілгенін) бірінші жеңнен кейін, су көзі жаққа тастайды. Бұдан кейін жүргізуші сорғышқа жүгіріп келіп, өрт сөндірушінің көмегімен жеңді көтеріп, сорғының келтеқұбырына жалғайтын басын жеңге кілтпен қатырып бұрайды. Содан кейін жүргізуші мен өрт сөндіруші жеңдерді өзара жалғап, бастарын бекітеді. Одан соң өрт сөндіруші жеңдерді тор бататындай етіп суға салады. Ал бос арқанның ұшын жақын тұрған кез келген затқа байлайды. Жүргізуші сорғыны жеңдер желісіне су беруге дайындайды.
Басы – берілген пәрмен. АЦ беті ашық су көзіне орнатылады, қозғалтқыш аз айналым күйінде жұмыс істейді. Өрт сөндіру жабдықтары өз орындарына бекітілген.
Соңы – қозғалтқыш сорғыға қосылған, сорғыш бір қалыпты істеп тұр, уақыт қысымды келтеқұбырдан су шыққан сәтте ғана есептеледі.
3.1-жаттығу – ШОПК суды "ашық су көзінен" алады.
Бастапқы позиция – ШОПК "старт" сызығының тұсында "ашық суқоймасынан" (суы бар бөшке) 10 м. орналасады.
ШОПК ашық су көзіне орналастыру екі адамға, яғни жүргізуші мен орман өртін сөндірушіге (десантшы өрт сөндіруші) есептеліп, "ШОПК су қоймасына орнатылсын!" деген пәрменмен қойылады.
Бұл пәрмен жүргізуші ШОПК-ны белгіленген жердегі су көзіне орнатады, тұрақ тежегіш жүйесін қосады, дөңгелектерді кері тіректермен бекітеді. Өрт сөндіруші мен жүргізуші төсемнен сорғыш жеңді, мотопомпаларды және қысым жеңін алады, оларды су көзіне жақын жерге қояды. Өрт сөндіруші сорғыш жеңді мотопомпамен жалғайды, оны тоғанға түсіреді, сорғыны сумен толтырады. Жүргізуші қысымды жеңді мотопомпаның шығатын құбырына бекітеді, жеңді ашады және оны ШОПК ыдысына түсіреді. Өрт сөндіруші мотопомпаны іске қосып, қысым құбырынан су беруді қамтамасыз етеді. Жүргізуші жеңді толтырғанға дейін, яғни "Сорғыны тоқтат!" деген пәрмен болғанға дейін ұстайды.
Басы – берілген пәрмен. ШОПК ашық су қоймасында орнатылған, қозғалтқыш төмен жылдамдықта жұмыс істейді. Өрт сөндіру жабдықтары өз орындарында бекітілген.
Соңы – уақыт жеңқұбыр желісінен ыдысқа су беру сәтінде белгіленеді.
4-жаттығу – АЦ-ға бөлімшенің жауынгерлік орналастырылуы екі "Б" оқпанынан жергілікті жану ошағына су берумен байланысты.
Бастапқы позиция – АЦ "старт" сызығында орналасқан.
Үш адамға есептелген (жүргізуші және екі өрт сөндіруші).
"Бөлімше! Жауынгерлік орналастыру өрт ошағына (нысана бойынша) қарай су беру, негізгі желі екі жеңмен тарамдалу арқылы, жұмыс желісі екі "Б" оқпанының әрқайсысына бір жеңнен – Бас!" деген пәрмен болғанда мыналар орындалады:
№3 өрт сөндіруші екі жеңді (d 77 мм.) және тарамды алып, сорғының қысымды келтеқұбырынан үш бөлікті тарамға негізгі желіні тартады.
№1, 2 өрт сөндірушілер жеңдерді (d 51 мм.) алып, үш бөлікті тарамнан оқпандарға (№1 өрт сөндіруші тарамның сол жақ келтеқұбырынан, №2 өрт сөндіруші оң жақ келтеқұбырынан) негізгі желіні тартып, бұдан әрі қарай оқпандармен жұмыс істейді. Жоғары көтерілген оқпан №1, 2 өрт сөндірушілердің дайын екенін білдіреді. №3 өрт сөндіруші тарамдарда жұмыс істейді. Оқпаншылар дайын болған кезде №3 өрт сөндіруші тарамдардың кранын ашады, қолын жоғары көтеріп түрегеледі. Жүргізуші сорғыда жұмыс істей береді.
Басы – берілген пәрмен. АЦ "Старт" сызығына орнатылады, қозғалтқыш аз айналым күйінде жұмыс істейді. Өрт сөндіру жабдықтары өз орындарына бекітілген.
Соңы – уақыт "Б" оқпандарынан су берілген сәттен есептеледі.
4.1-жаттығу – ШОПК-тің жауынгерлік орналастырылуы жергілікті жану ошағына су берумен байланысты.
Бастапқы позиция – ШОПК"Старт" сызығына орнатылады.
Үш адамға есептелген (жүргізуші және екі өрт сөндіруші). "Топ! жауынгерлік орналастыру "Б" екі оқпанының әрқайсына бір жеңнен екі жұмыс желісін тарту арқылы өрт ошағына су беруге – Бас" пәрменімен орындалады.
№1, 2 өрт сөндірушілер мотопомпадан ("Спрут 3") қысымды келте құбырларынан екі жұмыс желісін тартады. Өрт сөндірушілердің су беруге дайын екенін жоғары көтерілген оқпан білдіреді. Жүргізуші сорғының сорғыш жеңін ыдысқа қосып, кранды ашады. Мотопомпаның қозғалтқышын іске қосып, оны қыздырады, сорғыны сумен толтырады. Оқпандар дайын болғанда, қозғалтқыштың айналу жылдамдығын орташа деңгейге дейін арттырады және "Б" оқпандарынан су келгенше қысымды ұстайды.
Басы – берілген пәрмен. ШОПК "Старт" сызығына орнатылып, қозғалтқыш төмен айналымда жұмыс істейді. Өрт сөндіру жабдықтары өз орындарына бекітілген.
Соңы –Уақыт "Б" бөшкелерінен су берілгенде белгіленеді.
5-жаттығу – Өрт шетіндегі қозғалыста "Б" оқпанының жұмысымен АЦ-ға жауынгерлік орналастырылу.
Бастапқы позиция – АЦ "Старт" сызығында орналасқан.
Үш адамға есептелген (жүргізуші және екі өрт сөндіруші). "Топ! Жауынгерлік орналастыру өрт шетінің оң жағынан (сол жағынан) су берілсін – Бас!" деген пәрменмен орындалады.
1-өрт сөндіруші (топ жетекшісі) шолақ (шоферлық) 51 мм. жеңді жазып, оны ауыспалы басын сорғының қысымды келтеқұбырына жалғайды, 1, 2-өрт сөндіруші жеңдерді шығарып, жолаушы кабинасына бекітеді. 1-өрт сөндіруші жолаушы кабинасына (сол жағына немесе оң жағына) отырады, "Б" оқпанын жеңіне тіркейді. 2-өрт сөндіруші РЛО төсенішін алып, оны краннан суға толтырып, АЦ-ның артында 10 м. жерде тұрып, шет жағын бақылап, жану ошақтарын сөндіреді. Жүргізуші топ жетекшісінің пәрменімен сорғыны қосып, жең желісіне 4 атм.-нан көп емес қысым беріп, белгіленген шетінен 5-10 м. қашықта баяу жүріп отырады. Топ жетекшісі белгіленген шетінен ұзақтығы 20 м. және (немесе) зақымданған нысандарды сөндіреді.
Басы – берілген пәрмен. АЦ "Старт" сызығында орналасқан.
Қозғалтқыш төмен айналымда жұмыс істейді. Өрт сөндіру жабдықтары өз орындарына бекітілген.
Соңы – шет жағалай жану сөндірілді (нысандар жойылды), уақыт жану сөнген сәттен (нысан жойылғасын) есептеледі.
5.1-жаттығу – ШОПК өрттің шетімен қозғалыстағы жауынгерлік орналасуы.
Бастапқы позиция – ШОПК "Старт" сызығына орнатылады.
Төрт адамға есептелген (жүргізуші және үш өрт сөндіруші). "Топ! Жауынгерлік орналастыру өрт шетінің оң жағынан (сол жағынан) су берілсін – Бас!" деген пәрменмен орындалады.
1-өрт сөндіруші (топ жетекшісі) ЖҚӨҚҚ-дан тапаншасы бар қысымды шлангты ашып, алдыңғы жолаушы орнына отырады. 2-өрт сөндіруші ыдыстан су кранын ашып, ЖҚӨҚҚ-ны іске қосады және оның жұмысын қамтамасыз етеді. 3-өрт сөндіруші РОБ төсенішін алып, оны шығыс кранынан алған сумен толтырады, ШОПК-ның артында 10 м. аралықта тұрып шетін бақылайды, жану ошақтарын жояды, Жүргізуші топ жетекшісінің пәрменімен белгіленген жиек бойымен 5-10 м. қашықтықта төменгі жылдамдықпен жүріп отырады. Топ жетекшісі белгіленген шетінен ұзақтығы 20 м. және (немесе) зақымданған нысандарды сөндіреді.
Басы – берілген пәрмен. ШОПК "Старт" сызығында орналасқан.
Қозғалтқыш төмен айналымда жұмыс істейді. Өрт сөндіру жабдықтары өз орындарына бекітілген.
Соңы – шет жағалай жану сөндірілді (нысандар жойылды), уақыт жану сөнген сәттен (нысан жойылғасын) есептеледі.
6-жаттығу - бір-біріне жалғанған помпалармен ≥ 50 м. биіктікке су беру.
Бастапқы позиция – топтар мен жабдықтар су көзінен 10 м. қашықтықта "Старт" сызығында орналасқан.
Ол екі адамнан тұратын екі топпен (моторист және оқпаншы) 20 градустан жоғары еңістерде орындалады. Су беру қашықтығы максималды.
"Сорғыға екі сорғымен биіктікке су беру-Марш!" орындалады:
Бірінші топтағы моторист мотопомпаны су көзіне орнатады, қоршау жеңін қосады, қысым желісін қосады, сорғыны сумен толтырады, сорғы қозғалтқышын іске қосады және жылытады. Бірінші топтың оқпаншысы су берудің максималды қашықтығына жең сызығын салады және дайын болған кезде қолын жоғары көтереді. Бірінші топтың моторисі, бірінші топтың оқпаншысының пәрменін алғаннан кейін, желіге суды қосады, біртіндеп қуатын арттырады. Екінші топ бірінші жең сызығының соңына дейін барады. "2" моторист мотопомпаны және аралық ыдысты орнатады, "2" қысым желісін қосады. Екінші топтың оқпаншысы су берудің максималды қашықтығына жең сызығын салады және дайын болған кезде қолын жоғары көтереді. Екінші топтың моторисі сорғыш жеңді мотопомпаға қосады, оны аралық контейнерге батырады, бірінші жолдан суды аралық контейнерге берген кезде сорғыны сумен толтырады, сорғы қозғалтқышын іске қосады және қыздырады, баррельдің дайындығы туралы 2-ұңғышының белгісін алады, сорғыны толтырған кезде біртіндеп қуатты арттырады. Суды ағызуға берген кезде радио арқылы екінші оқпаншы радиомен "Су берілді!" деп хабарлайды.
Басы – берілген пәрмен. Топтар мен жабдықтар "Старт" сызығында орналасқан.
Соңы – уақыт "Б" оқпанынан екінші жұмыс желісінің соңында су беру сәтінде және "Су берілді" деген радио байланысы арқылы хабарлағанда тіркеледі.
Мемлекеттік орман күзетінің, орман өрт сөндіру станцияларының, әуе-өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығы жөніндегі бақылау нормативтері
Орман иеленушілердің ОӨСҚ және ӘӨСҚ қызметкерлері дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты жыл сайын профилактикалық медициналық тексеруден өткен соң, ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңі басталғанға дейін біліктілігін растаған немесе арттырған кезде тапсырады. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижелері ведомоспен ресімделеді және бағалау парағына енгізіледі. Қанағаттанарлықсыз нәтижелер көрсеткен қызметкерлер "мамандарды аттестаттау қағидаларының" талаптарына сәйкес қайта тапсыруға жіберіледі. Сынақтарды тапсыру ведомостары және бағалау парақтары мекеменің, кәсіпорынның істерінде сақталады.
Кандидаттардың ОӨСҚ, ӘӨСҚ жұмысшы ретінде жұмысқа орналасу кезінде 1, 2, 3, 4-жаттығулар бойынша дене шынықтыру даярлығынан сынақты тапсыруы олар профилактикалық медициналық тексеруден өткеннен кейін және орман өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарға жарамдылығы туралы оң қорытынды алғаннан кейін жүргізіледі.
№ | Жаттығу | баға | Жасаралық | топтар | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
1. | Кермеде тартылу (саны) | Өте жақ. | 15 | 14 | 12 | 10 | 8 | 6 | 4 |
Жақ. | 13 | 12 | 10 | 8 | 6 | 4 | 3 | ||
Қанағат. | 11 | 10 | 8 | 6 | 4 | 3 | 2 | ||
2. | Кешенді күш жаттығулары (саны) | Өте жақ. | 5 | 5 | 4 | 4 | 3 | 3 | 2 |
Жақ. | 4 | 4 | 3 | 3 | 2 | 2 | 1 | ||
Қанағат. | 3 | 3 | 2 | 2 | 1 | 1 | 1 | ||
3. | Кедергілер жолағынан өту (сек) | Өте жақ. | 33,5 | 35,2 | 36,9 | 38,6 | 40,3 | 42,0 | 43,7 |
Жақ. | 35,2 | 36,9 | 38,6 | 40,3 | 42,0 | 43,7 | 45,4 | ||
Қанағат. | 36,9 | 38,6 | 40,3 | 42,0 | 43,7 | 45,4 | 47,1 |
Қызметкерлерді жас топтары бойынша бөлу:
- 1 топ – 30 жасқа дейін;
- 2 топ – 30 жастан 35 жасқа дейін;
- 3 Топ – 35 жастан 40 жасқа дейін;
- 4 Топ – 40-тан 45 жасқа дейін;
- 5 топ – 45 жастан 50 жасқа дейін;
- 6 топ – 50-ден 55 жасқа дейін;
- 7 топ – 55 жастан 60 жасқа дейін.
ОӨСҚ және ӘӨСҚ-тың зейнеткерлік жас алдындағы қызметкерлері сынақтарды уақытша және сандық нормативтерсіз тапсырады.
Жаттығуды орындау шарттары:
1. Кермеде тартылу.
Үстінен ұстап ілініп, әр уақытта ілініп тұрған бойы қолдары түзу қозғалыссыз позициядан серпіліссіз және сермеу қозғалыстарсыз, иекті кермеден жоғары ұстап орындалады. Киім формасы ерікті. Жеке орындалады.
2. Кешенді күш жаттығулары.
2.1 жатып тіреген қолдарды бүгу (дене түзу, қолды кеуде еденге тигізгенше бүгу) – 10 рет;
2.2. жатып тіреген қолдармен отыру қалпына келу (бүгілген сәтте–дене түзу) – 10 рет;
2.3. салмағы 20 кг. жүкті биіктікке көтеру (РОБ толығымен толтырылған, екі қолмен баудан ұстап, жерден созылған қол биіктігіне көтеріп, жерге түсіру – 10 рет;
3. Кедергілер жолағынан өту.
Жеке орындалады. Киім формасы ерікті.
Кедергілер құрамы (3-қосымша.): "Старт" сызығынан – 10 м. жол; "соққылар" – 10 м.; "лабиринт" – 5 м.; "бөрене" – 4 м.; "кертпе" – ені 1 м. қадамдардың биіктігі 0,65 м., 1,3 м., 2 м.; кері бағытта 55 м. жол; "Сөре Старт" сызығындағы мәре. Жаттығуды орындау уақыты әр қатысушы үшін "Марш" командасы берілген сәттен бастап "Сөре Старт – Мәре Финиш" сызығының қиылысына дейін жеке белгіленеді.
Кедергілер жолағы объектілерінің схемасы және олардың сипаттамалары
сөре – мәре
Жол – ені 5 м. дейін, ұзындығы 10 м. дейін көлбеу және кедергісіз табиғи ландшафт учаскесі.
Төмпешіктер –ұзындығы 10 м. жасанды кедергі, диаметрі 100-ден 130 см.-ге дейінгі 9 автошинадан (диаметрі 26-34 см.) 20 және 40 см биіктікте қозғалыс барысында тігінен қазылған, 125 см. қадаммен шахмат тәртібімен.
Лабиринт – 4 бұрылысы 180°, өткелдің ені 1 м және ұзындығы 21 м. болатын жасанды кедергі, шектеу жолағының биіктігі 130 см., жалпы ауданы 5х5 м.
Бөрене – дөңгелек d 22-30 см. ұзын 4 м. қозғалыс бағыты бойымен 0,5 м. биіктікте бекітілген.
Кертпе-қозғалыстың негізгі бағытына перпендикуляр орналасқан биіктігі 0,65 м., 1,3 м., 2 м. 1х1 м. алаңдардың 3 сатысынан тұратын трамплин түріндегі жасанды кедергі.
Қону алаңы 3х3 м.
Ескертпе: терминдер мен қысқартулар:
ОАИ – облыстық аумақтық инспекция;
ЕҚТА – Ерекше қорғалатын табиғи аумақ;
ОШ КММ – Орман шаруашылық комуналдық мемлекеттік мекемесі;
АҚА – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы;
МОК – мемлекеттік орман күзеті;
ӘӨСҚ – әуе-өрт сөндіру қызметі;
ОО – оқу орталығы;
ШОПК – шағын орман патрульдік кешені;
АЦ – автомобиль цистернасы.
ОӨСҚ – орман өрт сөндіру қызметі;
РОБ – ранецтік орман бүріккіш;
ГИБЖ – гидроимпульстік шашырату жүйесі;
ЖҚӨҚҚ – жоғарғы қысымды өртке қарсы қондырғы;
УҚТ – ультрақысқа толқынды;
Өте жақ. – өте жақсы;
жақ. – жақсы;
қанағат – қанағаттанарлық;
кг – килограмм;
мин – минут;
сек – секунд;
м – метр;
см – сантиметр;
мм – миллиметр.