"ГПЭС Варваринское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жариялық сервитут орнату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 14 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы, 69-бабының 4-тармағы 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ГПЭС Варваринское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырын салу (төсеу) және пайдалану мақсатында, Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі аумағында орналасқан алаңы 1,57 гектар жер учаскесіне 20 жыл мерзіміне дейін жариялық сервитут орнатылсын.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдау;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады