БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 22), 23), 24), 24-1), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 30-1), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38) және 38-1) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға (есептер, материалдар);";
6) және 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өнеркәсіптік қауіпсіздік желісі бойынша негізгі қызмет мәселелері бойынша Министрліктің аумақтық органдарының жұмысын үйлестіруге;
7) Министрліктің аумақтық органдарынан Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап етуге;";
18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу түріндегі жедел ден қою шараларын қолданады;";
39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауды жүргізеді;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Комитетке басшылық етуді төраға – Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады."
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Комитет туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министріне бекітуге енгізеді;";
3) тармақшасы алып тасталсын;
12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;";
14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;";
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелер тізбесі алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 22, 23, 24, 24-1, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 30-1, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 38-1 қосымшалар алып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 7-1), 8), 9), 10-1), 11), 12), 13), 13-1), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 20-1), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42) және 43) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 7-1), 8), 9), 10-1), 11), 12), 13), 13-1), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 20-1), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42) және 43) қосымшалар алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары құрылтай құжаттарын, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Тұрсынбаев |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Әліби Жангелдин көшесі, 24-ғимарат.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету
6) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды алдын алуды ұйымдастыру.
14. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) қаланың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департаменттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) қала аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды қаланың әкіміне бекітуге ұсыну;
17) қала аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне енгізу;
21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде қала әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) қала аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
32) қала аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, жоспарлау және жедел басқару орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу туралы ұсыныстар енгізу, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
41) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;
42) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
43) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
44) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;
50) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;
51) өз құзыреті шегінде қалалық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
52) қала бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
53) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;
54) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
55) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
56) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады;
57) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
58) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
59) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;
60) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
61) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;
62) екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;
63) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
64) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;
65) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;
66) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
67) өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
68) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
69) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
70) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
71) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні жеке және заңды тұлғаларға береді;
72) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
73) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;
74) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
75) құзыретті органдармен бірлесіп жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;
76) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
77) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;
78) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
79) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне (емтихандарына) тексеру жүргізеді;
80) Министрлік басшылығының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ел аумағынан тыс жерде болған төтенше жағдайларды жоюға қатысуды;
81) Министрліктің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің I-II және III топ сүңгуірлік жұмыстар мамандығы сүңгуірлерін, рульдік шағын кемелер мотористерін және компрессорлық қондырғылардың операторларын даярлауды;
82) су айдындарында қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды даярлау бойынша курстар ұйымдастырады;
83) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді;
84) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
85) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына ұсынуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тұрақты әзірлікте қолдауға бағытталған шаралар қабылдау;
86) тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
87) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
88) өрт сөндіру депосының ғимараттарын пайдалануды, өрт, құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және бақылау;
89) азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын тарту тәртібін айқындау;
90) соғыс уақытына арнаулы құралымдар үшін өрт техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыруға қатысу;
91) бөлімшелерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
92) Министрліктің арнайы оқу орнына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру. Министрліктің арнаулы оқу орнына кандидаттардың жеке істерін қалыптастыру және жолдау;
93) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қаладан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
16) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
17) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
18) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
19) Департаменттің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін береді (растайды);
20) Министрлікке теңестіру және қайта аттестаттау тәртібімен орта басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беруге, азаматтық қорғау органдарының кадрларына, офицерлер құрамының бірінші әскери атағын, арнаулы және әскери атақтарды беруге ұсыныстар енгізеді;
21) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
22) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
23) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
24) Департаменттың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;
25) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20. Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 43 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына 5-1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 071405, Абай облысы, Семей қаласы, А.Қозбағаров көшесі, 38.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету
6) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды алдын алуды ұйымдастыру.
14. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департаменттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) облыс аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыс әкіміне бекітуге ұсыну;
17) облыс аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) облыс, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) облыс аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
32) облыс аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, жоспарлау және жедел басқару орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу туралы ұсыныстар енгізу, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;
37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
41) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
42) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
43) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
44) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;
50) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;
51) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
52) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
53) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;
54) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындау;
55) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асыру;
56) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру;
57) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
58) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
59) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;
60) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
61) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;
62) екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;
63) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
64) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;
65) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;
66) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
67) өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
68) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
69) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
70) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
71) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні жеке және заңды тұлғаларға береді;
72) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
73) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;
74) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
75) құзыретті органдармен бірлесіп жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;
76) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
77) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;
78) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
79) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне (емтихандарына) тексеру жүргізеді;
80) Министрлік басшылығының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ел аумағынан тыс жерде болған төтенше жағдайларды жоюға қатысуды;
81) Министрліктің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің I-II және III топ сүңгуірлік жұмыстар мамандығы сүңгуірлерін, рульдік шағын кемелер мотористерін және компрессорлық қондырғылардың операторларын даярлауды;
82) су айдындарында қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды даярлау бойынша курстар ұйымдастырады;
83) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді;
84) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
85) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына ұсынуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тұрақты әзірлікте қолдауға бағытталған шаралар қабылдау;
86) тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
87) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
88) өрт сөндіру депосының ғимараттарын пайдалануды, өрт, құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және бақылау;
89) азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын тарту тәртібін айқындау;
90) соғыс уақытына арнаулы құралымдар үшін өрт техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыруға қатысу;
91) бөлімшелерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
92) Министрліктің арнайы оқу орнына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру. Министрліктің арнаулы оқу орнына кандидаттардың жеке істерін қалыптастыру және жолдау;
93) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Департаментті басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
19. Департамент бастығының өкілеттігі:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
16) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
17) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
18) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
19) Департаменттің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін береді (растайды);
20) Министрлікке теңестіру және қайта аттестаттау тәртібімен орта басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беруге, азаматтық қорғау органдарының кадрларына, офицерлер құрамының бірінші әскери атағын, арнаулы және әскери атақтарды беруге ұсыныстар енгізеді;
21) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
22) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
23) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
24) Департаменттың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;
25) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментте бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 150010, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 87 үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 030020, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, № 81 "А".
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300 үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;
6) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды алдын алуды ұйымдастыру.
14. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) қаланың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департаменттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) қала аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды қаланың әкіміне бекітуге ұсыну;
17) қала аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне енгізу;
21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде қала әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) қала аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
32) қала аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, жоспарлау және жедел басқару орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу туралы ұсыныстар енгізу, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
41) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;
42) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
43) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
44) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;
50) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;
51) өз құзыреті шегінде қалалық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
52) қала бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
53) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;
54) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
55) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
56) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады;
57) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
58) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
59) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;
60) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
61) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;
62) екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;
63) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
64) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;
65) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;
66) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
67) өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
68) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
69) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
70) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
71) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні жеке және заңды тұлғаларға береді;
72) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
73) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;
74) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
75) құзыретті органдармен бірлесіп жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;
76) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
77) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;
78) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
79) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне (емтихандарына) тексеру жүргізеді;
80) Министрлік басшылығының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ел аумағынан тыс жерде болған төтенше жағдайларды жоюға қатысуды;
81) Министрліктің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің I-II және III топ сүңгуірлік жұмыстар мамандығы сүңгуірлерін, рульдік шағын кемелер мотористерін және компрессорлық қондырғылардың операторларын даярлауды;
82) су айдындарында қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды даярлау бойынша курстар ұйымдастырады;
83) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді;
84) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
85) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына ұсынуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тұрақты әзірлікте қолдауға бағытталған шаралар қабылдау;
86) тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
87) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
88) өрт сөндіру депосының ғимараттарын пайдалануды, өрт, құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және бақылау;
89) азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын тарту тәртібін айқындау;
90) соғыс уақытына арнаулы құралымдар үшін өрт техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыруға қатысу;
91) бөлімшелерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
92) Министрліктің арнайы оқу орнына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру. Министрліктің арнаулы оқу орнына кандидаттардың жеке істерін қалыптастыру және жолдау;
93) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қаладан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
16) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
17) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
18) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
19) Департаменттің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін береді (растайды);
20) Министрлікке теңестіру және қайта аттестаттау тәртібімен орта басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беруге, азаматтық қорғау органдарының кадрларына, офицерлер құрамының бірінші әскери атағын, арнаулы және әскери атақтарды беруге ұсыныстар енгізеді;
21) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
22) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
23) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
24) Департаменттың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;
25) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20. Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 20 шағын ауданы, Комсомольский көшесі, құрылыс 1.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 060003, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әуезов көшесі, 53 "А" үйі.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Александр Протозонов атындағы көшесі, 97/1 үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 13-үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, үй 179.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы 90 үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 100027, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 4-үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 150-үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 120014 индексі, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 69-құрылыс.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24-шағын ауданы, 6-ғимарат.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 140000, Павлодар облысы Павлодар қаласы Олжабай батыр көшесі, 14 үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 150010, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі, 32-үй.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының | |
Төтенше жағдайлар министрінің | |
2025 жылғы | |
№ 18-қосымша | |
Қазақстан Республикасының | |
Төтенше жағдайлар министрінің | |
2020 жылғы 30 қазандағы | |
№ 16 бұйрығына | |
20-қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 160023, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, ғимарат 4542.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;
6) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды алдын алуды ұйымдастыру.
14. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) қаланың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департаменттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) қала аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды қаланың әкіміне бекітуге ұсыну;
17) қала аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – қала әкіміне енгізу;
21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде қала әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) қала аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
32) қала аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, жоспарлау және жедел басқару орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу туралы ұсыныстар енгізу, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
41) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;
42) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
43) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
44) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;
50) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;
51) өз құзыреті шегінде қалалық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
52) қала бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
53) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;
54) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
55) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
56) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады;
57) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
58) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
59) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;
60) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
61) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;
62) екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;
63) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
64) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;
65) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;
66) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
67) өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
68) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
69) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
70) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
71) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні жеке және заңды тұлғаларға береді;
72) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
73) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;
74) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
75) құзыретті органдармен бірлесіп жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;
76) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
77) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;
78) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
79) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне (емтихандарына) тексеру жүргізеді;
80) Министрлік басшылығының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ел аумағынан тыс жерде болған төтенше жағдайларды жоюға қатысуды;
81) Министрліктің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің I-II және III топ сүңгуірлік жұмыстар мамандығы сүңгуірлерін, рульдік шағын кемелер мотористерін және компрессорлық қондырғылардың операторларын даярлауды;
82) су айдындарында қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды даярлау бойынша курстар ұйымдастырады;
83) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді;
84) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
85) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына ұсынуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тұрақты әзірлікте қолдауға бағытталған шаралар қабылдау;
86) тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
87) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
88) өрт сөндіру депосының ғимараттарын пайдалануды, өрт, құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және бақылау;
89) азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын тарту тәртібін айқындау;
90) соғыс уақытына арнаулы құралымдар үшін өрт техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыруға қатысу;
91) бөлімшелерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
92) Министрліктің арнайы оқу орнына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру. Министрліктің арнаулы оқу орнына кандидаттардың жеке істерін қалыптастыру және жолдау;
93) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты бастық жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қаладан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
16) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
17) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
18) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
19) Департаменттің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін береді (растайды);
20) Министрлікке теңестіру және қайта аттестаттау тәртібімен орта басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беруге, азаматтық қорғау органдарының кадрларына, офицерлер құрамының бірінші әскери атағын, арнаулы және әскери атақтарды беруге ұсыныстар енгізеді;
21) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
22) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
23) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
24) Департаменттың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;
25) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.
20. Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департаментте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 13-көше, 23-құрылыс.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;
6) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды алдын алуды ұйымдастыру.
14. Құқықтары және міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
6) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;
8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) Департаменттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;
9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;
15) облыс аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыс әкіміне бекітуге ұсыну;
17) облыс аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;
18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;
21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;
23) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
24) облыс, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;
26) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) облыс аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;
31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
32) облыс аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, жоспарлау және жедел басқару орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
35) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу туралы ұсыныстар енгізу, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;
37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;
38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
41) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
42) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
43) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
44) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
45) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
46) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
47) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
49) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;
50) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;
51) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
52) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;
53) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;
54) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындау;
55) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асыру;
56) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру;
57) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
58) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
59) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;
60) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
61) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;
62) екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;
63) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;
64) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;
65) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;
66) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
67) өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
68) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
69) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
70) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
71) бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні жеке және заңды тұлғаларға береді;
72) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;
73) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;
74) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
75) құзыретті органдармен бірлесіп жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;
76) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
77) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;
78) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;
79) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне (емтихандарына) тексеру жүргізеді;
80) Министрлік басшылығының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ел аумағынан тыс жерде болған төтенше жағдайларды жоюға қатысуды;
81) Министрліктің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің I-II және III топ сүңгуірлік жұмыстар мамандығы сүңгуірлерін, рульдік шағын кемелер мотористерін және компрессорлық қондырғылардың операторларын даярлауды;
82) су айдындарында қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды даярлау бойынша курстар ұйымдастырады;
83) апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсетеді;
84) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
85) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына ұсынуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тұрақты әзірлікте қолдауға бағытталған шаралар қабылдау;
86) тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
87) өрттерді зерделеуді және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
88) өрт сөндіру депосының ғимараттарын пайдалануды, өрт, құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және бақылау;
89) азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын тарту тәртібін айқындау;
90) соғыс уақытына арнаулы құралымдар үшін өрт техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақтылы жинақтауды, жаңартуды, сақтауды ұйымдастыруға қатысу;
91) бөлімшелерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
92) Министрліктің арнайы оқу орнына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру. Министрліктің арнаулы оқу орнына кандидаттардың жеке істерін қалыптастыру және жолдау;
93) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Департаментті басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
19. Департамент бастығының өкілеттігі:
1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент мүддесіне өкілдік етеді;
3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге ұсыныстар енгізеді;
4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;
5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
9) Департамент атынан шарттар жасасады;
10) Департамент атынан сенімхаттар береді;
11) банк шоттарын ашады;
12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;
13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;
14) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
16) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
17) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
18) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;
19) Департаменттің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін береді (растайды);
20) Министрлікке теңестіру және қайта аттестаттау тәртібімен орта басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беруге, азаматтық қорғау органдарының кадрларына, офицерлер құрамының бірінші әскери атағын, арнаулы және әскери атақтарды беруге ұсыныстар енгізеді;
21) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;
22) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;
23) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;
24) Департаменттың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;
25) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментте бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Тарадай көшесі, 6.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.