"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 62 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрыққа 13-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 050015, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Көкмайса шағын ауданы, 27А үй.";

      осы бұйрыққа 123-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 090300, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Халықтар достығы көшесі, 27/3 ғим.";

      осы бұйрыққа 124-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 090400, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Бірлік көшесі, 2-құрылыс.";

      осы бұйрыққа 127-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 090700, Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылы, Желтоқсан көшесі, 27-үй.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласының және Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары:

      1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауды;

      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар Министрінің
міндетін атқарушы
К. Тұрсынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады