"Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығына қосымша |
Кәсіптік стандарт: "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы"
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандартты қолдану саласы: "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы" кәсіптік стандарты "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда қызметкерді, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін оқытуға және жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім – кәсіби тапсырма шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және игерілген ақпарат;
2) дағды – кәсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) мамандық – жеке тұлға жүзеге асыратын және оны орындау үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін кәсіп түрі;
4) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
5) кәсіптік стандарт – ресми және (немесе) бейресми және (немесе) ақпараттық білім беруді, біліктілік пен құзыреттілік деңгейін, кәсіптік қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұнын, сапасы мен жағдайларын ескере отырып, білімге, машыққа, біліктілікке, жұмыс тәжірибесіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
6) құзыреттілік – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін дағдыларды қолдану мүмкіндігі;
7) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жеке бірлік іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
8) пайдалануға беру – жүк көтергіш механизмнің мақсаты бойынша пайдалануға әзірлігін тіркейтін және белгіленген тәртіппен құжатталған қорытынды рәсім;
9) жүк көтергіш механизм – жүкті кеңістікте жылжытуға арналған жүк қармау органының кері-үдемелі қозғалысы бар циклдік әрекетті көтергіш құрылғы;
10) жүк көтергіштігі – жүк көтергіш механизмі көтеруге есептелген жүктің ең үлкен рұқсат етілген массасы;
11) заңнамалық метрология – мемлекет тарапынан регламенттеуге және бақылауға жататын өзара байланысты және өзара шартталған жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін қамтитын метрология бөлімі;
12) сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган ол арқылы өнімнің және (немесе) онымен байланысты процестің, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;
13) сынақ зертханасы – сынақ жүргізу үшін белгіленген түрде танылған ұйым және бақылау әдістерінің бұзылатын және бұзылмайтын өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, аналитикалық әдістеріне негізделген, жұмыстың басқа түрлері;
14) бұзылмайтын бақылау – жүк көтергіш механизмді жұмыстан шығаруды не оны бөлшектеуді талап етпейтін жүк көтергіш механизмнің немесе оның жекелеген элементтерінің/тораптарының негізгі жұмыс қасиеттерінің және параметрлерінің сенімділігін бақылау;
15) нормативтік қызмет ету мерзімі – бұл құрылғының паспортында өндіруші көрсеткен уақыт, оның барысында жүк көтергіш механизмі жұмыс қабілеттілігін сақтайды;
16) зерттеп-тексеру – белгілі бір кезеңге одан әрі пайдалану мүмкіндігі мен шарттарын анықтау мақсатында нормативтік қызмет мерзімін өтеген жүк көтергіш механизмдерді техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстар кешені;
17) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
18) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай-күйі;
19) жүк көтергіш механизмнің паспорты – жүк көтергіш механизмнің оның функциялары мен стандарттарына сәйкестігін растайтын және оны пайдалану мүмкіндігін анықтайтын негізгі құжатты, оны дайындаушы жасайды;
20) іскерлік айналымның әдет-ғұрыптары – кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір саласында қалыптасқан және кеңінен қолданылатын, құжаттарда бекітілуіне қарамастан, заңнамада көзделмеген мінез-құлық қағидалары (тәртібі);
21) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк – жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жай-күйі;
22) техникалық диагностика – одан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйін айқындауға арналған ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар кешені;
23) технологиялық/жұмыс картасы – бұл өндірістік жабдықты жөндеумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорын жұмыскерлеріне арналған бірізделген құжат. Картада қажетті жабдықтардың, жеке қорғау құралдарының құрал-саймандары мен жиынтықтарының тізімі, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың тізімі бар. Онда операциялардың реттілігі, кезеңділігі мен қағидалары, шығыс материалдарының түрлері мен саны, уақыт нормалары, материалдық шығындар, сондай-ақ жұмыс сапасын бағалау кезінде қолданылатын нормативтік құжаттар көрсетілген;
24) технологиялық регламент – кәсіпорынның (ұйымның) жұмыстарды жүргізудің реттілігі мен әдістерін, орындалатын жұмыс түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен шараларды белгілейтін ішкі нормативтік құжаты;
25) техникалық куәландыру – бұл жабдықтың және оның құрамдас бөліктерінің техникалық жай-күйін зертеп-тексеру, сондай-ақ статикалық және динамикалық сынақтар жүргізу арқылы объектіні қауіпсіз пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан бағалау;
26) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;
27) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі;
28) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы – сараптама объектісіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және нәтижесі қорытынды болып табылатын қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігіне (немесе сәйкессіздігіне) бағалау жүргізу процесі;
29) сараптама жасау ұйымы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, аттестаты бар, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес тиісті қызмет түрін жүзеге асыру үшін техникалық құралдары мен білікті мамандары бар ұйым (заңды тұлға);
30) сараптама қорытындысы – нәтижесі сараптамалық қорытынды болып табылатын, сараптама объектісінің оған қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін (немесе сәйкессіздігін) бағалау;
31) пайдалану құжаттамасы – жүк көтергіш тетікпен бірге дайындаушы-зауыт жеткізетін техникалық құжаттама (жалпы конструкторлық немесе жобалау құжаттамасының бөлігі) (мысалы, паспорт, техникалық сипаттама, пайдалану жөніндегі басшылық, монтаждау жөніндегі нұсқаулық және басқалар).
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
ЖКМ – жүк көтергіш механизмі.
СЗ – сынақ зертханасы.
ББ – бұзылмайтын бақылау.
НТҚ – нормативтік -техникалық құжаттама.
НҚА – нормативтік құқықтық акті.
ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
БА – біліктілік анықтамалығы.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы".
5. Кәсіптік стандарттың коды:
6. ЭҚЖЖ-ға сәйкес секция, бөлімді, топты, сыныпты және ішкі сыныпты көрсету:
М.Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет.
74 – өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет.
74.9 – басқа топтарға енгізілмеген өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет.
74.90 – басқа топтарға енгізілмеген өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет.
74.90.9 – басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де кәсіптік ғылыми және техникалық қызмет.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Кәсіптік стандарт мамандандырылған ұйымдардың жүк көтергіш механизмдердің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіптік қызметтер көрсету бойынша мамандар мен сарапшылардың кәсіптік құзыреттілігі саласындағы талаптарды белгілейді. Мамандардың біліктілік деңгейінің өсуімен әрбір келесі деңгей алдыңғы деңгейдің функцияларын орындауды және оларды жаңа құзыреттерге сәйкес кеңейтуді білдіреді.
8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:
1) жүк көтергіш механизмдерді зерттеп-тексеру жөніндегі маман – 5-ші СБШ деңгейі.
2) жүк көтергіш механизмдерді куәландыру жөніндегі маман – 6-ші СБШ деңгейі.
3) жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы – 7-ші СБШ деңгейі.
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
Кәсіп карточкасы "Жүк көтергіш механизмдерді зерттеп-тексеру жөніндегі маман" | ||||
Топтың коды: | 3112-9 | |||
Қызмет атауының коды: | ||||
Кәсіптің атауы: | Жүк көтергіш механизмдерді зерттеп-тексеру жөніндегі маман | |||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 5 | |||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | ||||
Кәсіптік білім деңгейі |
Білім деңгейі: |
Мамандығы: | ||
Орта білімнен кейінгі білім | Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) | Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану қолданбалы бакалавры | ||
Бейресми және ақпараттық біліммен байланыс : | "Азаматтық қорғау туралы" ҚРЗ 79-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды даярлаудан, қайта даярлаудан өту және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы куәлік алу. | |||
Кәсіптің басқада ықтимал атаулары: | - | |||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының сақталуы мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүк көтергіш механизмдерге зерттеп-тексеру жүргізу бойынша кәсіби қызметтер көрсету. | |||
Еңбек функцияларының тізімі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Жүргізілген зерттеп-тексеру қорытындылары бойынша техникалық құжаттаманы және статистикалық деректерді дайындау және ресімдеу. | ||
Қосымша еңбек функциялары: | 1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. | |||
1-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Жүк көтергіш механизмдердің техникалық және пайдалану құжаттамасын оқу және түсіну. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі негізгі конструктивті және технологиялық шешімдер. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Жүк көтергіш механизмдерге пайдалану және техникалық құжаттама деректерін жүйелеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Стандарттау туралы заңнама шеңберінде жүк көтергіш механизмдерді сертификаттау рәсімі. | ||||
3-дағды: | Машығы: | |||
1. ББ СЗ сынау және механикалық сынақ хаттамаларын ресімдеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. СЗ сынақ нәтижелерін ресімдеуге қойылатын талаптар. | ||||
2-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. ББ СЗ жұмыс істеу үшін объектіні дайындау. | ||||
Білімі: | ||||
1. ББ жабдығының физикалық жұмыс әдістері. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Тапсырыс берушімен объектіні сынақ және зерттеп-тексеруді жүргізу шарттарын келісу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Біліктіліктің I деңгейіндегі ББ әдістері. | ||||
3-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Сынақтар мен және зерттеп-тексеру жүргізу үшін ББ жабдықтары мен материалдарын таңдау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Біліктіліктің I деңгейіндегі ББ әдістері. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Зерттеп-тексеру және сынау процесінің процедурасын реттеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||||
4-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Механикалық сынақтар үшін үлгілерді таңдау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Үлгілерді сынау кезінде дәнекерленген қосылыстың механикалық қасиеттерін бағалау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Материалтану негіздері. | ||||
Қосымша еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын практикада қолдану. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Жауапкершілік, аналитикалық ойлау, ақпаратты іздеу және талдау, проблемаларды шешуді құрылымдау, логикалық ойлау, қарым-қатынастық, зейінділік, ұйымшылдық, командада жұмыс істей білу. Үнемі жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді үйрену. | |||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері: |
1. 2011 жылғы 18 қазандағы "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" ТР ТС 010/2011. | |||
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | 6 | Жүк көтергіш механизмдерді куәландыру жөніндегі маман | ||
Кәсіп карточкасы: "Жүк көтергіш механизмдерді куәландыру жөніндегі маман" | ||||
Топтың коды: | 2141-9 | |||
Сабақ атауының коды: | - | |||
Кәсіптің атауы: | Жүк көтергіш механизмдерді куәландыру жөніндегі маман | |||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | |||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | - | |||
Кәсіптік білім деңгейі |
Білім деңгейі: |
Мамандығы: | ||
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Қызметі жүк көтергіш механизмдерді пайдаланумен (тікелей) байланысты кәсіпорындарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. | |||
Бейресми және ақпараттық біліммен байланыс: | "Азаматтық қорғау туралы" ҚРЗ 79-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды даярлаудан, қайта даярлаудан және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы куәлік алудан өту. | |||
Кәсіптің басқада ықтимал атаулары: | - | |||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының сақталуы мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүк көтергіш механизмдерге зерттеп-тексеру жүргізу бойынша кәсіби қызметтер көрсету. | |||
Еңбек функцияларының тізімі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Жүк көтергіш механизмдерге техникалық және пайдалану құжаттарына талдау жүргізу. | ||
Қосымша еңбек функциялары: | 1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. | |||
1-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Жүк көтергіш механизмдердің техникалық және пайдалану құжаттамасын оқу және түсіну. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі негізгі конструктивті және технологиялық шешімдер. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы НҚА талаптарына сәйкес техникалық куәландыруды жүргізудің уақтылығы мен толықтығын анықтау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының НҚА талаптары. | ||||
2-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Технологиялық регламент негізінде жүк көтергіш тетікті тексеру және техникалық куәландыру бойынша технологиялық/ жұмыс картасын әзірлеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Объектіні зерттеп-тексеру, техникалық куәландыру көлемі мен әдістерін анықтау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||||
3-еңбек функциясы: |
1- дағды: | Машығы: | ||
1. ББ жабдықтары мен шығыс материалдарын таңдау. | ||||
Білімі: | ||||
1. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Зерттеп-тексерілетін ЖКМ объектілерінде ББ әдістерін қолдану. | ||||
Білімі: | ||||
1. Технологиялық/жұмыс картасы бағдарламасын әзірлеу бойынша талаптар. | ||||
3-дағды: | Машығы: | |||
1. Жұмыстарды орындау графигін әзірлеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары. | ||||
4-дағды: | Машығы: | |||
1. Сыртқы зерттеп-тексеру және өлшеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Зерттелетін объектінің технологиялық құрылымы мен физикалық параметрлері. | ||||
4-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Жүк көтергіш механизмдердің жобалау, атқару және пайдалану құжаттамасын талдау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Жүк көтергіш механизмдерге технологиялық регламент әзірлеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Зерттеліп-тексерілетін объектінің технологиялық құрылымы мен физикалық параметрлері. | ||||
5-еңбек функциясы: Техникалық куәландыруды жүргізу нәтижесі бойынша статистикалық деректерді өңдеу. |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. ЛИРА есептеу бағдарламалары, Mathcad, Autodesk, AutoCad және басқа CAD бағдарламалары. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Техниалық куәландыру актісін актісінің есепті кестелерін толтыру. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы НҚА талаптары. | ||||
Қосымша еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын практикада қолдану. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Жауапкершілік, аналитикалық ойлау, ақпаратты іздеу және талдау, проблемаларды шешуді құрылымдау, логикалық ойлау, қарым-қатынастық, зейінділік, ұйымшылдық, командада жұмыс істей білу. Үнемі жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді үйрену. | |||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері: |
1. 2011 жылғы 18 қазандағы "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" ТР ТС 010/2011. | |||
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | 5 | Жүк көтергіш механизмдерді зерттеп-тексеру жөніндегі маман | ||
7 | Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы | |||
Кәсіп карточкасы: "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы" | ||||
Топтың коды: | 2141-9 | |||
Қызмет атауының коды: | - | |||
Кәсіптің атауы: | Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы | |||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 7 | |||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: | - | |||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандығы: | ||
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | Қызметі жүк көтергіш механизмдерді пайдаланумен (тікелей) байланысты кәсіпорындарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. | |||
Бейресми және ақпараттық біліммен байланыс: | "Азаматтық қорғау туралы" ҚРЗ 79-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды даярлаудан, қайта даярлаудан және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы куәлік алудан өту. | |||
Кәсіптің басқада ықтимал атаулары: | - | |||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының сақталуы мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүк көтергіш механизмдерге зерттеп-тексеру жүргізу бойынша кәсіби қызметтер көрсету. | |||
Еңбек функцияларының тізімі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Жүк көтергіш механизмдер қолдануға рұқсат алу үшін сараптама жүргізу. | ||
Қосымша еңбек функциялары: | 1. Еңбек қауіпсіздігі және қорғауды, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. | |||
1-еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Бұрын ұқсас объектілерде қолдануға рұқсат алған жүк көтергіш механизмдердің ұқсастықтарын талдау және салыстыру. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы НҚА талаптары. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторларды және олардың шекті мәндерін анықтау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары. | ||||
3-дағды: | Машығы: | |||
1. Сараптамалық қорытындыны ресімдеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары. | ||||
2-еңбек функциясы: Жоспарлы зерттеп-тексеру және жүк көтергіш механизмдердің қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында сараптама жүргізу. |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Жүк көтергіш механизмдерге пайдалану, жобалау және жөндеу құжаттамасының материалдарын жүйелеу және түсіндіру. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары. | ||||
2-дағды: | Машығы: | |||
1. Жүк көтергіш механизмдерді зерттеп-тексеру және техникалық куәландыру кезінде анықталған ақаулардың қауіптілік дәрежесін анықтау. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары. | ||||
3-дағды: | Машығы: | |||
1. Сараптамалық қорытындыны ресімдеу. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары. | ||||
Қосымша еңбек функциясы: |
1-дағды: | Машығы: | ||
1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын практикада қолдану. | ||||
Білімі: | ||||
1. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. | ||||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: | Жауапкершілік, аналитикалық ойлау, ақпаратты іздеу және талдау, проблемаларды шешуді құрылымдау, логикалық ойлау, қарым-қатынастық, зейінділік, ұйымшылдық, командада жұмыс істей білу. Үнемі жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді үйрену. | |||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері: |
1. 2011 жылғы 18 қазандағы "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" ТР ТС 010/2011. | |||
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | 6 | Жүк көтергіш механизмдерді куәландыру жөніндегі маман |
4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері
9. Мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.
Орындаушы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атом энергиясы объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану басқармасының бас сарапшысы – А.Д. Дастанов е-mail: dastanov.a@kpb.emer.kz, тел. 8 (7172) 24-87-28.
Жетекшісі: А.А. Тагаев е-mail: tagaev.a@kpb.emer.kz, номер тел: 8 (7172) 57-54-80.
10. Кәсіби стандартты әзірлеуге және жаңартуға қатысқан ұйымдарының (кәсіпорындарының) атауы:
"Аттесттау-әдістемелік орталығы" ЖШС
"Бұзылмайтын бақылау, техникалық диагностика және жағдайды бақылау" ТК 76 - А.В. Калугин
ҚР ЭМ "Ядролық физика институты" РММ – Е.Л. Ермаков
"Мунар 1" ЖШС - О.А. Папов
"ЛМС-НС" ЖШС - О.Ю. Переплетчиков
"BK Engineering Service" ЖШС- В.В. Овчиников
"Тәуелсіз газ қауымдастығы" ЗТБ – Ю. А. Чопоров
"Тәуелсіз сараптамалық ұйымдар қауымдастығы" ЗТБ – К.А. Цечоев
"КАЗСТАНДАРТ" РМК – В. В. Мельник
11. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 06.09.2024 жылғы № 8 хаттама.
12. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 12.02.2024 ж.
13. Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы: 12.04.2024 ж.
14. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2025 жыл.
15. Болжалды қайта қарау күні: 2028 жылғы 1 сәуір.
5-тарау. Нормативтік-құқықтық базасы
1. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
5. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген).
6. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген).
7. Қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 483 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24570 болып тіркелген).
8. Қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 484 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24563 болып тіркелген).
9. Қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 486 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24561 болып тіркелген).
10. Нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 389 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24006 болып тіркелген).
11. Қызмет ету мерзімі өткен көпір типіндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 475 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24569 болып тіркелген).
12. Қызмет ету мерзімі өткен, жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 474 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24566 болып тіркелген).
13. Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету қағидалары. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 109 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27349 болып тіркелген).
14. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидалары. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23461 болып тіркелген).
15. Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген).