Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 31 наурыздағы № 109 Бұйрығымен бекітілген |
Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайланылады:
1) биіктіктегі жұмыс - жұмысшының орындауы кезінде топырақтың, жабынның немесе жұмыс төсемінің бетінен 1,3 метр және одан астам биіктікте (немесе тереңдікте) және биіктік бойынша ауытқу шекарасынан 2 метрден кем қашықтықта болатын жұмыстар;
2) наряд-рұқсат - жұмысты қауіпсіз жүргізуге арналған және мазмұнын, жұмыс орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, қауіпсіз орындау шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын (оның ішінде радиациялық, өрт қауіпсіздігі бойынша және газдалған жұмыс орындарында), бригада құрамын және жауапты жұмыскерлерді айқындайтын еркін нысандағы тапсырма.
2-тарау. Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету тәртібі
3. Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмыстар наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.
4. Биіктіктегі жұмыстар:
1) жұмыс аумағы шегінде жеткіліксіз көріну кезінде;
2) атмосфералық жауын-шашынның қарқындылығы кезінде;
3) найзағай және найзағай жарқылдары жақындауы кезінде;
4) желдің жылдамдығы 15 м/с және жоғары болған кезде жүргізілмейді.
5. Биіктікте жұмыс жүргізу кезінде температуралық аралықты сақтау үшін жергілікті климаттық жағдайлар және орындалатын жұмыстардың сипаты "Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы"" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) сәйкес ескеріледі.
6. Биіктіктегі жұмыстарды:
1) 18 жасқа толған;
2) "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) сәйкес жұмыскерлерді міндетті алдын ала (жұмысқа қабылдау кезінде) медициналық қарап-тексеруден өткен;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүргізетін оқу орталықтарында оқудан өткені туралы куәлігі бар тұлғалармен орындалады.
7. Биіктіктегі жұмысты кемінде 2 адамнан тұратын бригада (буын) жүзеге асырады. Жұмысты орындайтын бригаданың (буынның) мүшелері бір-бірімен көру және дауыс байланысы шегінде болады немесе өзара радиобайланыс құралдары болады.
Жұмыс беруші биіктіктегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын жұмыскерлер қатарынан жұмыстың жауапты басшысын тағайындайды.
8. Биіктікте жұмысқа алғаш рет жіберілетін жұмыскерлер 5 жұмыс ауысымы ішінде жауапты басшы жүргізетін нұсқаулықтан өтеді.
9. Жұмысқа жіберер алдында жұмыстың жауапты басшысы:
1) барлық жұмыскерлерді наряд-рұқсатпен және жұмыс жүргізу жобасымен (бұдан әрі - ЖЖЖ) таныстырады, оларға осы объектіде жұмыстарды орындаудың ерекшеліктерін және өзгешеліктерін түсіндіреді;
2) наряд-рұқсатта және ЖЖЖ көзделген еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексереді;
3) жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын механизмдер және жабдықтардың техникалық жай-күйін және жарамдылығын тексереді;
4) сақтандыру тәсілдерін, сақтандыру және алып жүретін тростарды, жіптерді бекіту нүктелерін, жұмыс істейтіндердің арасындағы байланыс түрін (дауыспен, белгілермен, радио арқылы) айқындайды;
5) жеке қорғаныш құралдарының (касканың, қолғаптың, арнайы киімнің, аяқ киімнің, арнайы құралдардың нақты орындалатын жұмыстардың түріне, шарттарына және талаптарына байланысты) болуын, жинақталуын, ақаусыздығын және жарамдылығын тексереді;
6) жұмыскерлердің жеке керек-жарағын қарайды, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін ақаулары бар керек-жарақты қолданыстан алады;
7) жұмыскерлердің жеке жарақтарының жинақтылығын, техникалық жай-күйін және ақаусыздығын тексереді;
8) объектіде жабдықтың апаттық қоры жиынтығының болуын тексереді;
9) апаттық арқандардың (тростардың) арнайы қоры болмаған кезде авариялық мақсаттар үшін жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын, бірақ осы жұмыстарда іске қосылмаған арқандарды кемінде 2 (тростар) шұғыл пайдалану мүмкіндігін көздейді;
10) объектіде байланыс, өрт сөндіру құралдарының, дәрі қобдишасының бар-жоқтығын, олардың комплектілігін және жұмысқа жарамдылығын тексереді;
11) бақылаушыларды тағайындайды және олардың орналасу орындарын айқындайды;
12) орындалатын жұмыстың ерекшелігін назарға ала отырып, нұсқама өткізеді.
10. Биіктікте орындалатын барлық жұмыстарды жұмыстың жауапты басшысымен жоспарланады.
11. Күн сайын жұмыс басталар алдында жұмыстың жауапты басшысы:
1) бригаданың (буынның) әрбір мүшесінің жеке жарағының жинақтылығы мен жарамдылығын тексереді және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, ақауы жоқ жараққа ауыстыра отырып, жарақты қолданыстан алады;
2) барлық сақтандыру және көтеруші жіптерді бекіту нүктелерін қарайды;
3) ұстап алатын тораптарға арналған ілмектердің жай-күйін, сондай-ақ көтергіш және сақтандыру арқандарының жай-күйін тексереді;
4) барлық сақтандыру және көтеруші жіптердің үйкелуден және (немесе) қысылуынан қорғалуын ұйымдастырады;
5) ақаулары жоқ, сынақтан өткен, қолданылу мерзімі өтпеген жараққа ауыстыра отырып, апаттық жарақтың болуын, жинақтылығын және жарамдылығын тексереді;
6) биіктікте пайдаланылатын механизмдердің, блоктардың, шлангтердің, сымдардың және кабельдердің жұмысқа жарамдылығын және бекітілу беріктігін тексереді;
7) жұмыскерлерде жеке қорғаныш құралдарының болуын, олардың жарамдылығын және алдағы жұмыстардың немесе өндірістік процестердің түріне сәйкестігін тексереді;
8) қауіпті аймақтың қоршауын, ескерту плакаттарын тексереді және жоқ болған жағдайда орнатады;
9) нақты жағдайларға сүйене отырып, сигнал берушілердің саны мен қауіпсіз орналасқан жерін анықтайды және оларды орындарға орналастырады (жұмыс аймағын қоршау мүмкін болмаған жағдайда).
12. Жұмыстарды орындау кезінде жұмыстың жауапты басшысы кезең-кезеңімен, бірақ ауысымына кемінде 1 рет объектідегі қауіпсіздік жағдайларын және бригаданың (буынның) қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексереді.
13. Жұмыс істеп тұрған объектінің аумағында (үй-жайда), биіктікте жұмыс істейтін жұмыскер авариялық сигнал беру, байланыс және өрт сөндіру құралдарын пайдаланады, авариялық жағдайлар немесе өрт туындаған кезде қауіпті аймақтан жедел эвакуациялау жолдарын және құралдарын біледі, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді және осы объектіде қолданылатын қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
14. Жұмыстың жауапты басшысы жұмыс аяқталғаннан кейін наряд-рұқсатпен анықталған іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
15. Жұмыскер биіктікке көтерілу алдында:
1) жеке жарақтың жарамдылығын және пайдалану ыңғайлылығын тексереді;
2) жеке қорғаныш құралдарының болуын, жинақтылығын және жарамдылығын тексереді;
3) тасмалдаушы трост арқандарды қысудан және ысқылаудан қорғауды қамтамасыз етеді;
4) нұсқама өткізу кезінде әзірленетін, наряд-рұқсатпен және ЖЖЖ танысу кезінде туындаған мәселелерді нақтылайды.
16. Жұмыскер биіктікте болған кезде:
1) тек наряд-рұқсатта қарастырылған технологиялық операцияларды ғана орындайды;
2) сақтандыру және тросты, арқанды қолдан отырып орнын ауыстыру ережелерін сақтайды;
3) барлық штаттан тыс жағдайлар туралы хабарлайды және жұмыстың жауапты басшысына дереу хабардар етеді және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді;
4) бекітілмеген құрылымдардың үстінде немесе астында жұмыс жүргізбейді;
5) жауапты басшы рұқсат берген жағдайларды қоспағанда, анағұрлым жоғары нүктеде орналасқан басқа жұмыскердің астында жұмысты орындамайды;
6) кернеуі бар сымдарға және жабдықтың тоқ өткізетін бөлшектеріне наряд-рұқсатта анықталған қауіпті ара қашықтыққа жақындамайды.
18. Жұмыскер биіктікте жұмыс аяқталғаннан кейін:
1) жұмыс орындарын ретке келтіреді, қоқысты, құрал-саймандарды, жарақтарды, құрылғыларды жинайды;
2) бекітілген сақтандыру және салмақ түсетін тростардың, арқандардың жұмыс алаңдарын таңдайды немесе алып тастайды, мүмкін болмаған жағдайда - жел жүктемелерінің әсерін болдырмау үшін тростарды, арқандарды қосымша бекітуді жүргізеді;
3) жеке қорғаныш құралдарын және сақтандыру керек-жарақтарын қарап тексереді, кірден тазартады, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін ақаулардың бар-жоғын қарап тексереді, содан кейін оларды жарамсыз етеді;
4) жарамсыз деп танылған жеке қорғану құралдарын және сақтандыру керек-жарағын пайдаланудан және объектіден алып тастайды;
5) электрлендірілген құрал-сайманды және жабдықты электр желісінен ажыратады, жабдыққа қызмет көрсету бойынша регламенттік талаптарды орындайды;
6) жұмыс аймағында қалатын жабдықты, құрал-саймандарды және материалдарды бекітеді және оларды атмосфералық әсерлерден қорғауды қамтамасыз етеді;
7) конструкцияларға бекітілген арқанды алаңын таңдайды немесе алып тастайды. Пайдаланылған арқандар шұңқырларға орайды;
8) құрал-сайман және сақтандыру керек-жарағын тазалайды, тексереді және штаттық ыдысқа және сақтау орындарына жинайды;
9) жұмыстар аяқталғаннан кейін наряд-рұқсатта көрсетілген қосымша іс-шараларды орындайды.
18. ЖЖЖ құрамына:
1) биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралары;
2) материалдарды, айлабұйымдарды, керек-жарақтарды және құралдарды жұмыс орындарына, тасмалдайтын жіптерге (арқандарға), тоспалы және аспалы алаңдарға беру тәртібі;
3) уақытша инженерлік коммуникацияларды (электр сымдарын, кабельдерді, әртүрлі түтіктерді, шлангілерді) орналастыру схемалары;
4) иесі көрсетілген қолданылатын жарақ тізімі кіреді.
19. ЖЖЖ ұйымның басшысы немесе оның орынбасары бекітеді.
20. Жұмыскер объектіге жіберер алдында танысу парағына қол қою арқылы ЖЖЖ танысады.
21. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда, жұмыстарды орындау шарттары өзгерген кезде (авариялық жағдайды болдырмау немесе аварияның салдарын жою үшін) жұмыстың жауапты басшысы наряд-рұқсатқа жазбаша өзгерістер енгізеді, бұл ретте жұмыскерлер үшін қажетті қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етеді.
22. Биіктіктегі жұмыстарды қауіпсіз орындау жөніндегі нақты іс-шаралар наряд-рұқсатпен айқындалады, онда жұмыстың мазмұны, жұмыс жүргізу шарттары, жұмыстың басталуы және аяқталуы уақыты, жұмысты орындайтын бригаданың құрамы, осы жұмыстарды орындау кезінде жауапты адамдар анықталады.
23. Апаттың алдын алу, жұмыскерлердің өміріне төнген қатерді жою, авариялар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою жағдайларында, биіктіктегі жұмыстар жұмысқа жауапты басшының басшылығымен наряд-рұқсат ресімделмей басталуы мүмкін.
24. Бекіту нүктелері, егер көтеруші қабілеті статикалық жеке жүктеме кезінде беріктіктің төрт еселік қорымен бір адамға деп есептегенде (қажетті жабдықтармен және керек-жарақтармен бірге) немесе 5 минут ішінде 7,5 кН күшпен жұмыс бағытында екі еселік жүктемемен – 6,0 кН кем емес болса, қолдануға жарамды болып табылады.
25. Биіктікте жұмыс жүргізу кезінде биіктіктен құлаудан сақтандыру құралдарына: жеке сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – ЖСЖ), негізгі және қосалқы тростар, синтетикалық талшықтардан жасалған арқандар, сақтандыру ілмектері және ұстап алатын тораптарға арналған ілмектер, жұмыс істеушінің жеке жарақтары, карабиндер, тежегіш құрылғылар, синтетикалық талшықтардан жасалған жіптерге арналған қысқыштар, блоктар, қармауыштар, түсіру (тежеу) құрылғылары жатады.
26. Биіктіктегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері:
1) жұмыс орындарындағы қазіргі жағдайларға, орындалатын жұмыстың сипаты және түріне сәйкес келеді;
2) эргономикалық талаптарды және жұмыскердің денсаулық жағдайын ескереді;
3) жұмыскердің жынысына, бойына және параметріне сәйкес келеді.
27. ЖСЖ пайдалану кезінде олардың металл бөлшектерін қолтық астына, аяқтың арасына, жұмыс істеушінің бауыры және бүйрегі аймағына орналастырылмайды..
28. ЖСЖ пайдалану жарамдылығын тексеру әрбір жұмыс ауысымы басталар алдында көзбен шолып қарау арқылы жүргізіледі.
29. Кеуде орамында, күркеде немесе амортизацияланатын құрылғыда төменде көрсетілген ақаулардың бірі анықталған жағдайда, ЖСЖ пайдалануға болмайды:
1) былғары, мата элементтері және былғары алмастырғыштардан жасалған элементтердің жыртылуы, кесілуі, күйуі, мыжылған, созылған, қатпарланған учаскелері бар;
2) металл бөлшектер деформацияланған, жарықтар, қиғаштар, бұдырлар, көзге көрінетін қауіптер, жұқару және коррозияға ұшыраған жерлері бар;
3) белдіктердің, ленталардың, баулардың тігілген жерінде қажалған және үзілген жіптері, ажыратылған тігістері бар;
4) жіп элементтерінің ажыратылған, өрілген немесе үзілген ұштары, жіптері жіңішке немесе қалың диаметрі бар учаскелері, өрмеде механикалық әсер ету іздері, жоғары температураның немесе химиялық заттардың әсер ету іздері бар.
30. Негізгі және алып жүретін сақтандыру арқандары (жіптері) ретінде арқандар және жіптер пайдаланылады.
31. Жүк көтергіштер ретінде қажетті құрал-саймандармен және құрылғылармен бірге жұмыс істеушінің салмағын ескере отырып, беріктіктің кемінде бес есе қорын қамтамасыз ететін арқандар, жіптер қолданылады.
32. Сақтандыру үшін қолданылатын арқанның үзілу жүктемесі кемінде 20 кН.
33. Жұмыс үшін пайдаланылатын арқанның әрбір кесіндісіне (ұшына) формуляр жасалады, онда берілген шартты нөмір, арқанның түрі (динамикалық немесе статикалық), диаметрі, пайдалануға берілген күні көрсетіледі және күнтізбе бойынша және сағаттарда арқанның істелген жұмысы белгіленеді.
34. Пайдалануға беру алдында арқанның кесінділері (ұштары) дайындаушы формуляр бойынша берген шартты нөмірі көрсетілген жапсырмамен (маркамен) жабдықталады.
35. Пайдалануға беру алдында, жұмыс басталар алдында жіптер тексеріледі және өрім бүлінген немесе диаметрі көзбен анықталатын біркелкі емес болған жағдайда жарамсыз деп танылады.
36. Негізгі арқанның қауіпсіздік ілмектері қауіпсіздік арқандарын тірек нүктелеріне қосу үшін аралық байланыс ретінде қолданылады. Конструкция, беріктік сипаттамалары және пайдалану процесіндегі бақылау бойынша оларға негізгі арқандарға қойылатын талаптар қойылады.
37. Өздігінен сақтандыруға арналған ілмектерді ұстап алатын тораптарды қолдана отырып жұмыскерлер 0,6 кН кем емес үзілу күші бар диаметрі 6-8 мм альпинистік жіптерден дайындайды. Карабиннің көмегімен сақтандыру үшін өздігінен сақтандыру ұштары диаметрі кемінде 9 мм негізгі арқаннан жасалған. Өздігінен сақтандыруды қамтамасыз ету үшін кемінде 10 кН үзу күші бар 20х2 мм капрон лентасы пайдаланылады.
38. Өздігінен сақтандыруға арналған ілмектерді ұстап тұратын тораптарды қолдана отырып дайындау кезінде арқанның ұштары тек қарсы тораптармен (қарсы сегіздік немесе грейпвайн) байланады.
39. Жүктелген және жүктелмеген қауіпсіздік арқанын ілмектермен жалғау тек муфтасы бар карабин арқылы жүзеге асырылады. Арқанды ілмекке байлау немесе оны ілмек арқылы өткізу қарастырылмайды.
40. Бекіткіш түйіндерге арналған ілмектерді (өзін-өзі сақтандыру ілмектері) жұмыскерлер негізгі арқанның құрылымы және материалына ұқсас сымнан жасайды.
41. Ұстап алатын тораптарға арналған баудың немесе құбырлы таспаның үзілу беріктігі кемінде 7 кН.
42. Ұстап алатын тораптарға арналған ілмектердің жай-күйін бақылауды жұмыстың жауапты басшысы күн сайын жұмыс басталар алдында көтергіш және сақтандыру арқандарының жай-күйін бақылауға ұқсас жүзеге асырады, бірақ бұл ретте арамидті талшықтан жасалған ілмектерді қоспағанда, ілмектерді пайдаланудың ең ұзақ мерзімі 6 айдан аспайды.
43. Табиғи талшықтардан жасалған жіптерді және бауларды жұмыскерлер жүкті жылжыту, құрал беру кезінде тартқыштар ретінде, олардың статикалық беріктігі көтерілетін жүктің салмағынан екі есе көп болған жағдайда қосымша операциялар үшін қолданады.
44. Негізгі арқанның қызмет ету мерзімі оны пайдалануға берген сәттен бастап, егер ол паспортта көрсетілмесе, механикалық зақымданулар және физикалық ластану болмаған кезде 2 жылдан аспайды.
45. Сақтандыру ілмектеріне арналған арқандар (репшнурлар) 6 айдан артық пайдаланылмайды.
46. Жұмыс ұштарын кесу кезінде диаметрі қалыңдатылған немесе жіңішкерген, бұзылған немесе біркелкі емес ширатылған, үзілген, бүгілген, үзілген немесе жіптердің стандартты емес бояуы бар учаскелерді ала отырып, жіптерді іріктеу жүргізіледі.
47. Жіптер ұштарына кесілмеген және пайдалануда тұрған, бухталарға оралған, желдетілетін құрғақ үй-жайда -10 °С-тан +30 °С-қа дейінгі температурада, жылыту аспаптарынан алыс жерде, оларға тікелей күн сәулесінің әсер етуіне жол бермей сақталады.
48. Биіктікте жұмыс істеу кезінде тек зауытта дайындалған, дайындаушы кәсіпорынның таңбасы және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 шешімімен бекітілген "Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы" (ТР ТС 019/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес сәйкестік сертификаты бар муфталары бар карабиндер қолданылады.
Муфтасыз карабиндер тек қосалқы операциялар үшін қолданылады.
49. Карабиндерде дайындаушының паспорты болады, онда олардың мақсаты және беріктік сипаттамалары көрсетіледі.
50. Сақтандыру үшін пайдаланылатын карабиндерде олардың кездейсоқ ашылуын болдырмайтын сақтандыру (бекіту) құрылғылары болады, сақтандыру құрылғысы кемінде екі тәуелсіз қозғалыспен ашылады.
51. Сақтандыруға арналған карабиндер жабық сақтандыру құрылғысы кезінде ұзын ось бойымен 22 кН кем емес және көлденең бағытта 7 кН кем емес жүктемеге шыдайды.
52. Пайдалану процесінде карабиндерді жұмыстың жауапты басшысы күн сайын жұмыс басталар алдында қарап тексереді және көрінетін деформация, жылжымалы бөліктер және сақтандыру құрылғысының жұмыс қабілеттілігі бұзылған, жарықтар (олардың мөлшеріне қарамастан) және көзбен шолып анықталатын тозу шұңқырлары және іздері бар болған жағдайда жарамсыздандырады.
Муфталар, серіппелер бүлінген немесе деформацияланған, бөлшектер арасында жоғары саңылаулары (люфттері) бар немесе олардың функциялары бұзылған, көзбен шолып анықталатын үйкеліс тозуы бар карабиндер немесе жабу құрылғылары пайдалануға жіберілмейді.
53. Карабиндерді қолдану және техникалық жай-күйін тексеру паспортқа немесе стандартқа, карабиннің әрбір түріне арналған қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
54. Түсіру (тежеу) құрылғысының оның мақсаты, сипаттамасы және қолданылу саласы көрсетілген дайындаушының паспорты болады.
55. Дара және қос жіптерге арналған түсіру құрылғыларын қолдануға рұқсат етіледі.
56. Түсіру (тежеу) құрылғысының конструкциясы, ұштарын жұмыскердің қолында ұстамай, қажетті деңгейде тоқтауды қамтамасыз ететіндей жіптердің бос ұштарын бекіту мүмкіндігін көздейді.
57. Пайдалану процесінде барлық түсіру (тежеу) құрылғыларын жұмыстың жауапты басшысы күн сайын жұмыс басталар алдында тексереді және келесілер бар болған жағдайда:
1) көрінетін деформация;
2) жарықтар (мөлшеріне қарамастан);
3) жылжымалы бөліктердің жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы (егер бар болса) жарамсыз деп танылады.
Айтарлықтай зақымдалмаған, бірақ тозу салдарынан арқанның бос ұшын (ұштарын) керудің шамадан тыс күш салуын талап ететін түсіру (тежеу) құрылғылары пайдаланудан алынады.
58. Биіктікте жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын тежегіш құрылғылардың, қысқыштардың, блоктардың конструкциясы оларға құйылған арқандардың бүліну (деформация) және өздігінен түсіп кету мүмкіндігін болдырмайды.
Тежегіш құрылғылар өтетін арқанды оны тоқтату үшін сенімді бұғаттау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
59. Өзін-өзі сақтандыру үшін тек осы мақсат үшін өндіруші ұсынған қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қысқыштар ғана қолданылады.
60. Пайдалану процесінде барлық түрдегі қысқыштарды жұмыстың жауапты басшысы күн сайын жұмыс басталар алдында қарап тексереді және келесілер бар болған жағдайда жарамсыз етеді:
1) көрінетін деформация;
2) жарықтар (мөлшеріне қарамастан);
3) жылжымалы бөліктердің жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы;
4) негізгі функцияны жоғалту - арқанмен сырғанау.
61. Өзін-өзі сақтандыруға арналмаған қысқыштар жұмыскерді қосымша сақтандырумен ғана арқанмен жылжыту үшін, мысалы, ұстап алу түйінінің көмегімен қолданылады.
62. Пайдалану кезінде қысқыштар олар арқылы жүктелген және бос арқандардың сырғып кетуіне жол бермейді.
63. Егер дайындаушы өзгеше бекітуді көздемесе, блоктар қисаймай және жабыспай осьтерде (саусақтарда) еркін айналады және осьтердің (саусақтардың) көзден түсуіне кедергі келтіретін бекіткіштері (шплинттері) болады.
64. Жарақтың пайдалануға жарамсыз элементтерін (жіптер, карабиндер, қысқыштар, блоктар) жұмыс орындарында сақтау қарастырылмайды.
65. ЖСЖ, жабдық бірліктерінде және арқанның екі ұшында келесі мәліметтер немесе кодтар бар ұзақ мерзімді белгілер бар:
1) формулярдағы нөмір;
2) материалдық мүлікті тіркеу кітабы бойынша коды.
66. Барлық жұмыс жабдығына қатесіз сәйкестендіру үшін жұмыс беруші пайдаланылған уақыт пен пайдалану шарттарын тіркеу үшін формулярлар ресімдейді. Формулярда мыналар көрсетіледі:
1) зауыт сертификатының нөмірі;
2) берілген нөмір;
3) өндіруші;
4) шығарылған күні;
5) түрі, арқан үшін-ұзындығы мен түсі;
6) сатып алу күні;
7) пайдаланудың ерекше шарттары бағанымен жұмыс істеген уақыт сағаттарының саны айлар бойынша жазылатын күнтізбелік кесте;
8) соңғы тексеру күні;
9) тексеруші адамның қолы.
67. Қоймаға қабылдау алдында онда орналастырылатын құралдардың және құрылғылардың әрқайсысы жұмыс берушімен осы функциялар жүктелген адам жүзеге асыратын визуалды және функционалдық бақылаудан өтеді, ол туралы журналға тиісті жазба жазылады.
Пайдаланылмайтын керек-жарақтар және құрылғылар жыл сайын жұмыстың жауапты басшысы тексеруден өткізеді, бұл туралы журналға тиісті жазба жазылады.
68. Кәсіпорын жұмыскерге беретін жарақта оны қолдана отырып жұмыстарды қауіпсіз жүргізу тәртібін сипаттайтын пайдалану жөніндегі нұсқаулық болады. Жұмыскерлер нұсқаулықпен танысқаннан және қол қойғаннан кейін жұмысқа кіріседі.
69. Биіктік жұмыстарында қолдануға жарамсыз деп танылғын, бірақ басқаға қолдануға жарамды жарақтардың және жабдықтардың таңбасы алынып тасталып, бөлек сақталады.
70. Жабдықтарды және жарақтарды жарамсыз деп тану кезінде, өндірушінің пайдалану немесе сақтау мерзімдері туралы нұсқаулары ескеріледі. Пайдалану немесе сақтау мерзімі болмаған жағдайда жұмыстың жауапты басшысы, келесі өлшемдерді басшылыққа алады:
1) сақтандыру жүйесінің барлық элементтері жұлқылау факторы 1-ден артық құлағаннан кейін жарамсызданады (жұлқылау факторы = құлаудың биіктігі/берілген арқанның ұзындығы);
2) арқандар және ленталар 3 жыл (оның ішінде сақтау) немесе 400 жұмыс сағаты өткеннен кейін кешіктірілмей жарамсыздыққа шығаруға жол беріледі.
71. Жабдықтардың барлық металл бөлшектері және сақтандыру жүйелері, егер:
1) олар құлаған кезде шамадан тыс жүк болса;
2) мінсіз және оңай жұмыс істемесе;
3) визуалды өзгерістер табылса (тот, жарықтар, ойықтар, оның ішінде үйкелу және сыздықтың есебінен) жарамсыз деп танылады.
72. Сақтандырудың арқан-жіп әдісін қолданған кезде жұмыскердің денесіне жүктемені азайту және еңбек жағдайларын жақсарту үшін көмекші құралдар қолданылады:
1) амортизаторлар;
2) орындық (отырғыш);
3) арқан (трос) сатылары.
73. Биіктікте жұмыс істеу кезінде беріктігі кемінде 10 Кн толық ашылу жағдайында амортизаторларды ғана қолдануға рұқсат етіледі.
74. Жұмыскерді биіктіктен құлаудан қорғайтын сақтандыру құралдарынан басқа, орындалатын жұмысқа сәйкес келетін қорғаныс құралдары қолданылады.
75. Биіктікте жұмысты орындау кезінде, әрбір жұмыскердің резервтік жабдық жиынтығы бар болуы керек, олар мыналарды қамтиды:
1) 2 өзін-өзі сақтандыру ілмегі;
2) пышақ;
3) карабиндер;
4) жеке таңу пакеті.
76. Биіктікте жұмыстар жүргізілетін учаске санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, дәрі қобдишасымен, өрт сөндіру, байланыс құралдарымен және авариялық дабылмен қамтамасыз етіледі.
77. Биіктікте жұмыстар жүргізілетін, жұмыс аймағы қоршалады.
Биіктікте жұмыстарды орындау кезінде материалдардың құлауы мүмкін аймаққа бөгде адамдардың абайсызда кіруін болдырмайтындай аймақтың айналасына қоршаулар қойылады. Ол үшін тосқауылдар, түгендеу қалқандары, қоршау таспалары қолданылады.
Жүргізілетін жұмыстардың биіктігі кезіндегі қоршау радиусы:
1) 10 м дейін – кемінде 4 м;
2) 20 м дейін – кемінде 7 м;
3) 50 м дейін - кемінде 10 м;
4) 100 м дейін - кемінде 12,5 м;
5) 150 м дейін - кемінде 20 м;
6) 200 м дейін - кемінде 25 м;
7) 200 м астам - кемінде 30 м.
78. Жұмыстардың жауапты басшысы түгендеу қалқандарының көмегімен қауіпті аймақтың қорғаныс қоршауын орнатудың орынсыздығын анықтаған кезде қоршау арқанмен немесе тіреулер арасында жер деңгейінен 1,0-1,2 м биіктікте, жабыннан немесе жұмыс төсенішінен тартылған етіп жасалады, оған әрбір 1,5-2,0 м сайын қызыл мата жалаушалары немесе таңбалау лентасы бекітіледі. Тіректер арасындағы қашықтық 3,5 м-ден аспайды. Арқан болмаған кезде сым, кабель, металл бұрыш, арматуралық шыбықтар қолданылды. Қоршаудың жанында бір мезгілде: "Тоқта! Қауіпті аймақ!", "Тоқта! Өтуге, кіруге болмайды!" және "Қауіпті аймақ! Биіктікте жұмыс!" ескерту плакаттары орналастырлады. Плакаттардың көлемі 60х40 см - ден кем емес, штрихының қалыңдығы 1 см - ден кем емес. Плакаттың фоны – ақ, жазуы – қызыл болады.
79. Ұзақтығы 1 сағаттан аспайтын қысқа мерзімді жұмыстарды орындау кезінде, жаяу жүргіншілерге және көлік құралдарының, машиналардың және механизмдердің жүргізушілеріне қауіпті аймақтың периметрі бойынша қауіптің бар екендігі туралы ескертуді сигнал берушілер (бақылаушыларды) жүргізеді.
80. Биіктікте жұмыстар кезіндегі, қосымша қауіпсіздік шаралары:
1) арқанды жалғау нүктелері орналасқан жерлер осы нүктелерге бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
2) тұрғын үй ғимараттарында биіктікте жұмыс жүргізу кезінде бұл туралы тұрғындарға алдын ала ескертіледі;
3) жұмыс аймағында жүк көтергіш және тиеу механизмдері кірмейді;
4) бетінің тазалығы қамтамасыз етіледі, агрессивті заттарды қоқыстауға немесе құюға жол берілмейді;
5) жұмыскерлер жерге түскен кезде қауіптер жойылады.
81. Сақтандыру және алып жүретін жіптер олардың беріктігіне теріс әсер етуі мүмкін қандай да бір өткір қырлардың және жиектерін қысуы немесе үйкелу әсерлерінен қорғалатындай етіп орналастырылады.
82. Әрбір сақтандыру және алып жүретін арқан басқа сақтандыру, жүк және қосалқы құралдарға қарамастан бекітіледі.
83. Сақтандыру және көтергіш арқандарды бекіту оларды өздігінен немесе кездейсоқ, оның ішінде жүктемелердің әсерінен ажырату мүмкіндігін болдырмайды.
84. Сақтандыру және көтергіш арқандарды бекіту нүктелеріне қауіпсіз кіру және тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
85. Салмағы 10 кг-нан асатын құрал-саймандар, айлабұйымдар, керек-жарақтар және жабдықтар үшін объектінің элементтеріне тәуелсіз сақтандыру (бекіту) мүмкіндігі көзделеді.
86. Салмағы 10 кг дейінгі құралдар және монтаждау құралдары диаметрі 6-8 мм арқанның көмегімен тікелей ЖСЖ-ға бекітіледі, ұсақ слесарлық-монтаждау және құрылыс құралдары белдікке, жұмыс орындығына немесе жұмыскердің иығына бекітілген арнайы сөмкеге орналастырылады.
87. Пайдалану процесінде ұсақ құрал сыммен құлаудан сақтандырылады (арнайы киімге немесе жұмыскердің ЖСЖ-ға бекітіледі).
89. Биіктікке берілген шлангілер мен кәбілдер құлаудан, шайқалудан және ысқылаудан қорғалады. Шлангілер және кабельдерді төсеу олардың өзара, сақтандыру және көтергіш арқандармен қиылысуы болмайтындай етіп жүзеге асырылады.
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
м – метр;
мм – миллиметр;
м/с – секундына метр;
кг – килограмм;
кН – килоньютон.