Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 243 бұйрығы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау заттай нормаларын бекіту туралы" бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнында ресми жариялау және Қазақстан Республикасы эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ш. Әрінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 155 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау заттай нормалары
1-тарау. Техникалық тәрбиелеу құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен жабдықтау
Р/с№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Норма бойынша тиісті | Пайдалану мерзімі | Заттай нормаларды қолдану саласы | Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар |
1. | Теледидар | дана | 1 | 7 жыл | Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері қолбасшылықтарының кабинеттері, рота, клуб, ішкі қарауыл, жиынтық механикаландырылған жасағы (бұдан әрі – ЖМЖ), кезекші бөлімше (бұдан әрі -КБ), оқу орталықтары (бұдан әрі - ОО), психологиялық жеңілдеу бөлмелері, кітапхана, лазарет, бөлімнің медициналық пункті, БӨП келушілер бөлмесі, асхана. | Теледидар (теледидар қабылдағыш) – сымсыз арналар немесе арна бойынша берілетін суреттер мен дыбыстарды (оның ішінде бейнесигналды енгізу қондырғысынан келетін теледидар бағдарламалары немесе сигналдарды, мысалы бейне магнитофондардан немесе DVD-ойнатқыштан) қабылдауға арналған құрылғы. |
2. | DVD ойнатқыш | дана | 1 | 7 жыл | Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері қолбасшылықтарының кабинеттері, рота, клуб, ішкі қарауыл, ЖМЖ, КБ, ОО, психологиялық жеңілдеу бөлмелері, кітапхана, лазарет, бөлімнің медициналық пункті, БӨП келушілер бөлмесі, асхана. | DVD-ойнатқыш оптикалық дискіден ақпараттарды есептеу үшін оптикалық жетектері бар автономдық құрылғы. |
3. | Музыкалық орталық | дана | 1 | 7 жыл | Музыкалық орталық - бірыңғай құрылғы түрінде орындалған, әртүрлі тасушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, жоғары сапалы дыбыс жаңғырықты аппаратураның тұрмыстық кешені. | |
4. | Спутниктік телеантенна | дана | 1 | 7 жыл | клуб, ішкі қарауыл, ЖМЖ | Спутниктік антенна - сигнал қабылдау (немесе беру) үшін. |
5. | Бейнекамера | жиынтық | 1 | 7 жыл | клуб | Қазақстан Республикасы ТЖМ шеңберінде өткізілетін деректі-оқу фильмдерінің бейне түсірілімдерін, бейнероликтерді, жаттығуларды және іс-шараларды өткізу үшін. |
6. | Дыбыс күшейткіш аппаратура | жиынтық | 2 | 7 жыл | клуб | Дыбысты күшейтуге арналған техникалық құрал. |
7. | Фотоаппарат | жиынтық | 1 | 5 жыл | клуб, рота, ОО, ЖМЖ | Цифрлық фотоаппарат – оптикалық суреттерді жазу үшін жарық сезгіш материалдың орнына жартылай өткізгішті фотоматрица мен цифрлық есте сақтайтын құрылғы, пайдаланылатын фотоаппарат. АЦТ көмегімен матрицадан шығатын теңдес сигнал цифрлық файлдарға айналады және фотоаппараттың немесе басқа сыртқы құрылғының жинағышында жазылады. |
8. | Баян | дана | 1 | 7 жыл | Клуб, оркестр | Баян - бастармен және дайын (аккордтық) немесе дайын-таңдап алынған музыкаға ілесетін, оң клавиатурадағы толық хроматикалық дыбыс үйлесім қатарындағы түймелі-пневматикалық музыкалық аспап. |
9. | Пианино | дана | 1 | 10 жыл | Клуб, оркестр | Пианино - ішекті-клавишалық музыкалық аспап, фортепианоның бір түрі, оның ішектері, декасы және механикалық бөлігі көлденең емес, тігінен орналасқан, осының салдарынан пианино рояльға қарағанда аз орын алады. |
10. | Клубтық бильярд (үлкен) | жиынтық | 1 | 10 жыл | Клуб | Клубтық бильярд – ерекше ережелер бойынша арнайы үстелде шаралармен ойнау ойыны. Әскери бөлімдердің клубтарында орнатылады. |
11. | Үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино) | жиынтық | 5 | 2 жыл | Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ | Үстел ойындары - шағын заттар жиынтығына қатысты айла-шарғы жасауға негізделген ойын, ол толығымен үстелде немесе ойыншының қолында жайғаса алуы мүмкін. Үстел ойындарының құрамына арнайы алаң ойындары, карточкалық ойындар, сүйек және басқа ойындар кіреді. |
12. | Гитара | дана | 2 | 2 жыл | Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ | Танымал шертпелі ішекті музыкалық аспап (көбіне әр түрлі 6 ішекті болып келеді), дыбысталуы іші қуыс корпустың есебінен күшеюінен ішектер тербелісінің арқасында жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы акустикалық гитаралардың жан-жақты дыбыс түсіргіші болуы мүмкін. |
13. | Домбыра | дана | 2 | 2 жыл | Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ | Домбыра – бұл шертпелі музыкалық аспап, ол түрік халықтарының мәдениетінде кездеседі. Груша тәрізді және өте ұзын грифпен қазақ халқының екі ішекті шертпелі музыкалық аспабы. |
14. | Кіші барабан | дана | 1 | 5 жыл | рота | Дыбыстаудың белгісіз жоғарғы мембранофонына жататын ұрмалы музыкалық аспап. Барабанмен жеке құрамның жылжуы үшін. |
15. | Әртүрлі тақырыптағы фильмдер | жиынтық | 1 | 2 жыл | Клуб, жүйелес батальондар, рота, ішкі қарауыл, КБ, ОО, ЖМЖ | Әр түлі тасымалдағыштағы фильмдер жиынтығы. |
16. | Жарық техникасы бар концерттік сахналық аппаратура | жиынтық | 1 | 7 жыл | Клуб | Жарық техникасы (түрлі-түсті музыкасы) бар концерттік сахналық аппаратура - бұл концерттер мен арнайы қойылымдарды қамтамасыз етуге арналған динамикалық түрлі-түсті музыкалық (жарық музыкалық) құрылғы. |
17. | Шағын дискілер ойнатқышы | дана | 1 | 7 жыл | Клуб, әскери оркестр | Шағын дискілер ойнатқышы - бұл ерекше құрал-жабдық. Әртістердің, көркем өнерпаздардың (өлең) орындауларын ұйымдастыру үрдісінде кіші дискілерді, лазерлік CD - дискілерді ойнату және жазу үшін қажет. |
18. | Компьютермен және экранмен бірге мультимедиялық проектор | жиынтық | 1 | 7 жыл | Клуб, МҚО, жүйелес батальондар, ОО | Мультимедиялық проектор - автономдық оптикалық құрал, ол проекторға келіп түсетін ақпараттарды экранда үлкейтіп көрсету көмегімен үлкен экранда тайпақ тегіс кескінін құрады. |
19. | Софиттер | жиынтық | 1 | 7 жыл | Клуб | Софит - электркөтермесінің көмегімен сахнады көтеретін және түсіретін жарық құралдарын ілуге арналған металл арматура. |
20. | Радиомикрофондар | жиынтық | 2 | 5 жыл | Клуб, әскери оркестр, МҚО, жүйелес батальондар, ОО | Микрофон – арақашықтықта дыбыстарды сымсыз жеткізу үшін дыбыс тербелісі электрлікке қайта өзгеруі. |
21. | Мерзімдік басылым* | дана | 1 | - | Полктер қолбасшылығы, ОО, роталар, клуб, ішкі қарауыл, КБ, БӨП келушілер бөлмесі, медициналық пункт (лазарет) |
Мерзімдік басылым – бұл газеттер мен журналдар, олар: |
22. | Жұмсақ жиһаз | жиынтық | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Ыңғайлы демалуға және психологиялық түсіру бөлмесін ұйымдастыруға арналған |
23. | Журнал үстелі | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Журнал үстелі демалыс аймағында ұсақ заттарды, сусындарды, кітаптарды және әшекейлерді орналастыруға арналған |
24. | Жұмсақ орындық | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Арқаны қолдайтын ыңғайлы отыруға арналған |
25. | "Мультипсихометр" психодиагностикалық кешенді бағдарлама аппараты | дана | 1 | 10 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Кәсіби маңызды қасиеттерді, психофизиологиялық және психологиялық қасиеттерді кешенді бағалауға арналған |
26. | Релаксациялық дыбысбейнеконтенті бар шағын бейне көзілдірік | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Визуалды-дыбыстық терапия арқылы стресс деңгейін төмендетуге, релаксацияға және психоэмоционалды жағдайды қалпына келтіруге арналған |
27. | Релаксация креслосы | дана | 4 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Ыңғайлы демалуды қамтамасыз етуге, шиеленісті жеңілдетуге және физикалық және эмоционалдық жағдайды қалпына келтіруге арналған |
28. | Аудиовизуалды стимулятор | жиынтық | 2 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Мидың релаксациясына, шоғырлануына немесе белсендірілуіне ықпал ететін жарық пен дыбыс импульстары арқылы адамның психоэмоционалды жағдайына әсер етуге арналған |
29. | Сенсорлы жабдық | жиынтық | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Сенсорлық қабылдауды дамыту, релаксация және психоэмоционалды жағдайды түзету мақсатында сезім мүшелерін ынталандыруға арналған |
30. | Терезені қараңғылауға арналған перде (ролл-штор) | жиынтық | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Жайлылық пен құпиялылықты қамтамасыз ете отырып, бөлменің жарық деңгейін реттеуге және күн сәулесінен қорғауға арналған |
31. | Психологиялық күйзелісті басуға арналған су мен ауа бейнеленген релаксациялық ландшафт | дана | 1 | 5 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Психологиялық шиеленісті азайтуға және эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіруге ықпал ететін тыныштандыратын орта құруға арналған |
32. | Жаттығуға арналған кілемше | дана | 10 | 4 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Дене және релаксация жаттығуларын орындау кезінде ыңғайлы және қауіпсіз бетті қамтамасыз етуге арналған |
33. | Кілем | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Бөлмеде жайлылық, жылу және шу оқшаулауын жасауға арналған, сонымен қатар декор элементі ретінде қызмет етеді |
34. | Айна | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Кескінді көрсетуге арналған, жеке гигиена, сыртқы келбетке күтім жасау мақсатында қолданылады |
35. | Аутотренингке арналған аудиобағдарлама | дана | 6 | 4 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Арнайы әзірленген дыбыстық материалдарды тыңдау арқылы психологиялық түзету, релаксация, мотивацияны арттыру және концентрацияны жақсартуға арналған |
36. | Проектор және проекциялық экран | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Кескінді немесе бейнені үлкен бетке шығаруға арналған, ақпараттың сапалы көрсетілуін, презентацияларда, тренингтерде және ойын-сауықта пайдалануды қамтамасыз етеді |
37. | Ауа ылғалдағыш | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Бөлмедегі ылғалдылықтың оңтайлы деңгейін ұстап тұруға, ауа сапасын жақсартуға және тыныс алуға ыңғайлы жағдай жасауға арналған |
38. | Ауа баптағыш | дана | 1 | 6 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Ыстық ауа-райында салқындатуды және суық мезгілде жылытуды қамтамасыз ете отырып, бөлмедегі қолайлы температура мен ылғалдылық деңгейін сақтауға арналған |
39. | Релаксация және ынталандыру аппараттарының жиынтығы | жиынтық | 1 | 4 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Жалпы әл-ауқат пен энергияны қалпына келтіру үшін релаксация мен ынталандыру әдістерін біріктіре отырып, адамның психоэмоционалды жағдайына әсер етуге арналған |
40. | Психологқа арналған жилет | дана | 2 | 5 жыл | психологиялық жеңілдеу бөлмелері | Жұмыс кезінде ыңғайлылық пен жайлылықты қамтамасыз етуге арналған |
Ескертпе:
* - мерзімдік басылымға жазылу бірінші басшы бекіткен тізімге сәйкес ұйымдастырылады.
2-тарау. Полиграфиялық құралдармен жабдықтау
Р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Норма бойынша тиісті | Пайдалану мерзімі | Заттай нормаларды қолдану саласы | Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар |
1. | Плоттер | дана | 1 | 10 жыл | клуб | Плоттер - электрондық сызбалардың, карталардың, суреттердің және басқа да графикалық ақпараттардың қағаз көшірмелерін алуға арналған құрылғы. Көрнекі үгіттердің кең форматты басылымдары үшін пайдаланылуы мүмкін. |
2. | Көшіру-көбейту машинасы | жиынтық | 1 | 7 жыл | клуб | Көшіру аппараты - қағазда және басқа да материалдарда кұжаттардың, фотосуреттердің, суреттердің және басқа да екі қалыпты кескіндердің көшірмелерін алуға арналған құрылғы. Баспаханалық машиналарға қарағанда аз тиражды кітаптарды, мұқабаларды және т.б. дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін. |
3. | Ламинатор | дана | 1 | 10 жыл | клуб | Ламинатор – пленкамен жабу жолымен ақпараттарды механикалық зақымдардан қорғауға арналған жабдық. |
4. | Қағаз жойғыш | дана | 1 | 5 жыл | клуб | Қағаздарды ұнтақтау және жою бойынша жабдық. |
5. | Сканер | дана | 1 | 10 жыл | клуб | Сканер - бұл қандай да бір объектіні (әдетте кескінді, мәтінді) талдап, объекті кескінінің цифрлық көшірмесін жасайтын құрылғы. Бұл көшірмені алу үдерісін сканерлеу деп аталады. |
6. | Өрнектеуге арналған пресс | дана | 1 | 10 жыл | клуб | Фольгамен өрнектеу үшін пресс сығып шығаратын тарауға фольганы бір уақытта жаншып, әртүрлі материалдарға кескіндерді сығып шығаруға арналған. Кескін металл, резеңке немесе полимерлік клишелердің көмегімен беріледі, олар өрнектеу үшін жылыту элементтерінің прессаларында бекітіледі. |
7. | Металл пружиналы кітапша жасағыш | дана | 1 | 10 жыл | клуб | Кітапша жасағыш жабдық парақтарды бекіту және фальцевалдау операцияларын орындау жолымен көп бетті кітапшаларды, буклеттерді, журналдарды және дәптерлерді шұғыл дайындауға арналған. |
8. | Гильотина | дана | 1 | 7 жыл | клуб | Гильотина – әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде жеткілікті жоғары өнімділікті және жақсы сапаны қамтамасыз ететін парақтарды кесуге арналған құрылғы. |
9. | Қағаз кесетін машина | дана | 1 | 7 жыл | клуб | Аппарат әртүрлі форматтағы қағаздарды кесу үшін, жылдық кітапшаларды, альбомдарды, кітаптарды, ашық хаттарды және т.б. қажетті көлемдегі қағаздарды кесу үшін қажет. |
10. | Қағаз кескіш машинаға арналған қосалқы пышақ | дана | 3 | 7 жыл | клуб | Қағаз кескіш машинаға арналған қосалқы пышақ. |
11. | А3 фото- принтерлері | дана | 2 | 7 жыл | клуб | А3 форматындағы фотоларды шығаруға арналған түрлі-түсті принтер |
12. | Клише жасауға арналған граверавалды автомат | дана | 1 | 7 жыл | клуб | ТЖМ клишелерін және символикасын өндіру үшін қажет. |
13. | Пластикалық пружиналармен кітапша жасаушы | дана | 1 | 10 жыл | клуб | Кітапша жабдығы парақтарды бекіту және қиюластыру операцияларын орындау жолымен көп бетті кітапшаларды, буклеттерді, журналдарды және дәптерлерді жедел дайындауға арналған. |
3-тарау. Әскери оркестрлерді қамтамасыз ету үшін аспаптармен және мүліктермен жабдықтау
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Норма бойынша тиісті | Пайдалану мерзімі | Заттай нормаларды қолдану саласы | Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар |
1. | Флейта | дана | 1 | 7 жыл | Әскери оркестр | Музыкалық шығармаларды жеке, оркестр және ансамбль құрамында орындау, жабық үй-жайларда да және ашық ауада да пайдаланылады. Цилиндр түтікті пішін, тесігі және қақпағы бар жоғары тембрлі үрмелі аспап. Кіші флейта кәдімгіден екі есе қысқа және октавадан жоғары естіледі. |
2. | Флейта (пикколо) | дана | 1 | 7 жыл | ||
3. | Кларнет | дана | 1 | 7 жыл | Тілшелі ағаш (пластикалық) бір таяқшасы бар музыкалық аспап. | |
Тілшелі үрмелі музыкалық аспаптарға жататын таяқ үрмелі музыкалық аспаптардың дыбыс шығару қандасты бойынша саксофонның едәуір таратылған төрт түрінің ең үлкені. | ||||||
4. | Саксофон-тенор | дана | 1 | 7 жыл | ||
5. | Валторна | дана | 1 | 7 жыл | Музыкалық үрмелі аспап – спиральдық бүгілген кең қонышты керней. | |
6. | Труба В | дана | 2 | 7 жыл | Күшті, үнді тембрлі үрмелі музыкалық аспап. | |
7. | Кіші барабан | дана | 1 | 5 жыл | Белгісіз жоғары үнді мембранофонға жататын соқпалы музыкалық аспап. Оркестрдің негізгі соқпалы аспаптарының бірі. | |
8. | Тарелкалар | жұп | 1 | 5 жыл | Белгісіз жоғары үнді соқпалы музыкалық аспап. Құйма және кезекті созымды жолымен ерекше қорытпалардан жасалған, дөңес кейіпті 2 дискіден тұрады. Тәрелке ортасында аспапты таспаға бекітуге арнайы тіреуішке бекітуге арналған тесігі бар. | |
9. | Үлкен барабан | дана | 1 | 5 жыл | Төменгі көрсеткішті, белгісіз жоғары үнді соқпалы музыкалық аспап. | |
10. | Ұру кондырғысы | жиынтық | 1 | 7 жыл | Соқпалы муызкалық аспап. | |
Ойнауға икемді барабандардан, тәрелкелерден және басқа да соқпалы аспаптардан тұрадты. | ||||||
11. | Корнет | дана | 1 | 7 жыл | Кернейді еске түсіретін, бірақ кең және қысқа түтігі бар, вентилдермен емес, ал пистондармен жабдықталған үрмелі музыкалық аспап. | |
12. | Тенор В | дана | 1 | 7 жыл | Белгілі жоғары үнді әртүрлі кең комензуралық аспаптар болып табылатын үрмелі мүштік аспап. | |
13. | Тромбон | дана | 1 | 7 жыл | ||
14. | Баритон | дана | 1 | 7 жыл | ||
15. | Туба | дана | 1 | 7 жыл | ||
16. | Концерттік пюпитрі | дана | 14 | 7 жыл | Ноталарға арналған тіреуіш жабық үй-жайларда да және ашық ауада да пайданылады. | |
17. | Жорықтық пюпитрі | дана | 14 | 7 жыл | ||
18. | Дирижерлік пюпитрі | дана | 1 | 7 жыл | ||
19. | Дауыс ұлғайтқыш аппаратура | ж-қ | 1 | 7 жыл | Дыбыс тербелістері ара-қашықтықта дыбыстарды жеткізу үшін электрлікке айналатын құрал | |
20. | Тұғырлы микрофон | дана | 2 | 7 жыл | Тырна тәріздес тұғырлы микрофон күшейтпелі, тораптарына металл құйылған, биіктігі 100-176 см, тырна 80 см. | |
21. | Дирижерлік таяқшалар | дана | 1 | 2 жыл | Ағаш (пластмассалық) таяқша. |
4-тарау. Дыбыс тарататын станциясы
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Норма бойынша тиісті | Пайдалану мерзімі | Заттай нормаларды қолдану саласы | Заттай нормаларды анықтауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар |
1. | Дыбыс тарату станциясы | жиынтық | 1 | 12 жыл | клуб | Дыбыс тарату станциясы - негізгі және алып шығаратын дауыс зорайтқыш арқылы, сондай-ақ қозғалыста және тұрақта УҚТ ҚТ радиостанциялары арқылы далалық жағдайларда сөз сөйлеу және музыкалық хабарларды жүргізуге арналған. Соғыс жағдайларында әскерлерге және қарсылас халыққа ауызша насихаттарды жүргізуді, өзінің әскерлеріне ақпараттар мен командаларды беруді қамтамасыз етеді. |