Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың толық жойылуына байланысты Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Д. Амановқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Х. Хабылбеков |
Павлодар қаласы әкімінің 2025 жылғы 07 ақпандағы № 3 шешіміне қосымша |
Павлодар қаласы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Павлодар қаласы әкімінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186316 болып тіркелген);
2. "Павлодар қаласының және Павлодар қаласы елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Павлодар қаласы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188649 болып тіркелген);
3. "Павлодар қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Павлодар қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 193268 болып тіркелген);
4. "Павлодар қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Павлодар қаласы әкімінің 2024 жылғы 21 тамыздағы № 7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 199924 болып тіркелген).