Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 19 наурыздағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 18 наурыздағы №4 хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. № 1 түтін мұржа құрылымының құлауымен апат қаупінің туындауына байланысты "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС-да объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС-ның бас директоры Асан Акимгалиевич Наурзгалиев (келісім бойынша) тағайындалсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады