Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" № 524/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 232/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" № 524/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6415 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы әкімінің міндетін атқарушы К. Адильжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады