"Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Баянауыл ауданы Майқайың кентінің аумағында орналасқан жер пайдаланушылардын жер учаскелерін алып қою құқығысыз сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 1-22/07 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 8 сәуірдегі "Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің берген өтінішінің негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

      1. "Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Баянауыл ауданы Майқайың кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (ИҚИ) жүргізу мақсатында Майқайың кентінің аумағында орналасқан жер пайдаланушылардын жер учаскелерін алып қою құқығысыз сервитут белгіленсін.

      2. "Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға залалдарын толық көлемде өтеу, залалдардың мөлшерi мен оларды өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келiсiмiмен анықтау келісім бойынша жүргізілсін;

      2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИҚИ) салу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын;

      3) жұмыс аяқталғаннан кейiн бүлiнген жер учаскелерiн одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiрсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Майқайың кентінің әкімі Е. Молдатаев

  Баянауыл ауданы
Майқайың кент әкімінің
2025 жылғы "02" мамыр
№ 1-22/07 шешіміне
қосымша

Р/с

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысаналы
мақсаты

Пайдалану
мерзімі
(жыл)

Жер телімінің орналасқан
жері

1

"Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

8,0

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) енгізу үшін.

5 жыл

Баянауыл ауданы Майқайың кент аумағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады