"Kereku Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 1-21-03 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 05 қаңтардағы № 3074-ЕL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Kereku Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісім бойынша жүргізілсін.

      2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;

      3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылтау ауылдық округінің әкімі Ж. Мажитов

  Баянауыл ауданы
Қызылтау ауылдық округі
әкімінің 2025 жылғы
"___"_____________
№ _______шешіміне
қосымша

Р/с

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысаналы
мақсаты

Пайдалану
мерзімі
(жыл)

Жертелімінің орналасқан
жері

1

"KerekuMinerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

295

Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін

2031 жылдың 05 қаңтарына дейін

Баянауыл ауданы Қызылтау
ауылдық округі аумағында
Елді мекендер жері 14-205-150-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады