Аққулы ауданы әкімінің "Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2024 жылғы 2 қазандағы № 1-04/3 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1-17/1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Аққулы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2025 жылғы 5 ақпандағы № 1 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы ауданы әкімінің "Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2024 жылғы 2 қазандағы № 1-04/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 201239).

      2. "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберсін;

      2) осы шешім Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Машрапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады