Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 1-04/3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 1 қазандағы № 9 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде, Аққулы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бірінші көтергіш күрделі су құбыры сумен жабдықтау жүйесінде орын алған авариялық жағдайға байланысты Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Аққулы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі Р. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады