Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 27-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 128/5 "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 18-тармағы мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
"33) балалар ойын алаңдарына арналған аттракциондарды, қондырғыларды қауіпсіз қолдануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.".
2. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органына хабардар етсін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен ауданы әкімінің м.а. | М. Шоканов |