"Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 128/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасызө етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мақашев

  Успен ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "___" ______
№ _______
қаулысымен бекітілген

"Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ) өз құзыреті шегінде аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында ұйымдастыру, мониторингілеу және үйлестіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

      2. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-нің ведомстволары жоқ.

      3. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы " Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға, Республика Үкіметінің Қаулысына сәйкес өз атауы қазақ және орыс тілдерінде мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға, "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады

      5. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ өз құзыретінің мәселелері бойынша "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі саласындағы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды, автомобиль жолдары, еңбек қатынастары, Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ осы Ережемен.

      8. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 30.

      10. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Успен ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Отдел жилищно коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Успенского района"

      12. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құрылтайшысы Успен ауданы әкімі аппаратының атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      15. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 Тарау. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мақсаты мен міндеттері, өкілеттіктері

      16. Мақсаттары мен міндеттері:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;

      2) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясат жүргізу;

      3) аудандық деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары саласындағы іс-шаралар мен бағдарламаларды іске асыру.

      17.Өкілеттіліктер:

      1) құқықтар:

      1-1) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік басшылықты және қызметті үйлестіруді жүзеге асыруға;

      1-2) Мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың, азаматтардың келісімі бойынша мекеме алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

      1-3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;

      1-4) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құзыретіне кіретін мәселелерде ауданды дамытудың салалық бағдарламаларын дербес немесе басқа атқарушы органдармен бірлесіп әзірлеуге;

      1-5) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      1-6) жүргізілген мониторинг негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелерге "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар беруге;

      1-7) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және аудан әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;

      1-8) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) Міндеттері:

      2-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және ұсынуға;

      2-2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге міндетті;

      2-3) өз қызметін Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруға;

      2-4) Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

      18. Функциялар:

      1) Аудан аумағында автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, елді мекендерді сумен жабдықтау, телефон байланысы, елді мекендерді абаттандыру, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіреді;

      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, абаттандыру саласында жергілікті бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

      3) жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      4) аумақты абаттандыру мен инженерлік қамтамасыз етудің аумақтық қағидаларын аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;

      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;

      6) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы заңнаманы сақтау практикасын талдайды және жинақтайды;

      7) аудан аумағында коммуналдық меншік инфрақұрылымын жөндеу бойынша Тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;

      8) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ балансынан объектілерді (кешендерді) коммуналдық меншікке береді;

      9) заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарайды;

      10) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-не жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      11) ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді әзірлейді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      12) бюджеттен қаржыландырылатын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      13) ведомстволық бағынысты мекемелер қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындайды;

      14) мемлекет қатысатын ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын, олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі, бекітеді, бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      15) ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      16) коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүлкін алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

      17) жергілікті бюджеттен ведомстволық бағынысты мекемелерді қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      18) қатысатын мемлекеттік пакеті (мемлекеттік пакеті) оған иелік етуге және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) Директорлар кеңесінің (Байқау кеңесінің) құрамына ұсыныстар енгізеді немесе өз өкілін тағайындайды;

      19) осы мәліметтерді Мемлекеттік мүлік Тізілімінде көрсету үшін мәліметтерді, оның ішінде оның басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін дайындайды;

      20) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігіне және аудан әкіміне материалдар дайындайды;

      21) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ құзыретіне кіретін мәселелерде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге әдістемелік көмек көрсетеді;

      22) автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, елді мекендерді сумен жабдықтау, телефон байланысы, елді мекендерді абаттандыру, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      23) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және аттестаттауды ұйымдастырады;

      24) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты мәселелерді шешеді;

      25) кадр резервін қалыптастыруға қатысады;

      26) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-не жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      27) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

      28) өз құзыреті шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік қадағалау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      29) көппәтерлі тұрғын үйлерді техникалық тексеруді ұйымдастырады;

      30) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі бұзушылықтарды жою жөнінде орындау үшін міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығарады;

      31) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді дербес не ұйымдарды тарта отырып қамтамасыз етеді;

      32) қала, аудандық маңызы бар ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға беруден бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты болады.

3 тарау. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі.

      19. Мемлекеттік органның басшылығын "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ бірінші басшысын Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес Успен ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ бірінші басшысының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      22. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) еңбек қатынастары саласындағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

      2) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды;

      3) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      4) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ ұсынады;

      6) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады, материалдық көмек көрсету, көтермелеу шараларын қолданады;

      7) Өз құзыреті шегінде "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-нің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      8) "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ жұмыс жоспарын бекітеді;

      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, еңбек қатынастары, Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару саласындағы заңнамаға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде орындау еңбек заңнамасына сәйкес "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мемлекеттік қызметшісіне жүктеледі.

      23. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      24. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мен тиісті саланың уәкілетті органы (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      25. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4 тарау. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мүлкі

      26. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      28. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ, егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, жолаушылар көлігінің және автомобиль жолдарының "Успен Ауыз-Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады