Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2025 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 76 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-1) тармақшасына, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 1156 қаулысының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) 2025 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,18 пайызы белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Әлназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады