"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 125 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2025 жылғы ____ _________
  № _______ қаулысына
  қосымша

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгіде бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      7. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150010, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Интернационал көшесі, 61.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:

      мемлекеттiк тiлде: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Северо-Казахстанской области".

      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      13. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде жұмыс режимi ішкі күн тәртібіне сәйкес белгіленеді.

      15. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледі.

      16. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      17. Міндеттері:

      сапасын және техникалық жай-күйін жақсарту мақсатында автомобиль және темір жол көлігі салаларында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыру және жүргізу;

      автокөліктің барлық түрлерінің облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын және экономика мен қоғамның қолжетімді және сапалы көлік қызметіндегі сұранысын толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету;

      облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін дамыту, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолаушылар көлігінің қызметін үйлестіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзырет шегінде облыс аумағында жол қызметін және көлік қызметін мемлекеттік реттеуді және басқаруды жүзеге асыру.

      18. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде жол саласы қызметі, көлік мәселелері бойынша нормалардың және стандарттардың, шарттар мен келісімдердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      қажет болған жағдайда, меншік нысанына қарамастан, жол саласы және көлік ұйымдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат сұрату;

      2) міндеттері:

      жол шаруашылығы, көлік мәселелерінде жергілікті басқару органдарымен өзара әрекеттерді жүзеге асыру;

      автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, жөндеу және салуға облыстық бюджеттен бөлінген қаржының нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.

      19. Функциялары:

      1) автомобиль көлігі, автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

      3) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желiсiн басқару;

      4) облыстың коммуналдық меншiгiндегi жолдарды басқару;

      5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      6) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн өтеусiз уақытша пайдалануға беру туралы шешiмдерінін жобаларын дайындау;

      7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын әзiрлеу;

      8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды келісу;

      9) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын әзiрлеу;

      10) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға қиылысатын жолдар салуды келісу;

      11) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;

      12) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;

      13) жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобильмен тасымалдау бойынша маршруттар мен қозғалыс кестесін келісу;

      14) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар қабылдау;

      15) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

      16) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

      17) жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), сондай-ақ теміржолмен қаламаңылық қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушыларға келтірілген залалды субсидиялауды жүзеге асыру;

      18) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

      19) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      20) әуе көлігімен жолаушылар тасымалы жұмысын ұйымдастыруда уәкілетті органмен өзара әрекет ету;

      21) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

      22) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;

      23) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      24) жол-көлік оқиғаларынан болған залалдың және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдағы апаттылық деңгейін төмендетуге қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

      25) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiк беру;

      26) шағын көлемді кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

      27) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштеріне есеп жүргізу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру.

3. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері

      20. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22. Басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі және міндеттері:

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап береді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара әрекет етуін үйлестіреді;

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңға сәйкес облыс әкімімен өз орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды келіседі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын және қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      өз құзіреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      штат кестесін бекітеді;

      нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын облыс әкімдігі мен әкіміне қарастыруға ұсынады;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді, бюджетте көзделген қаражатқа иелік етеді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының жинағын бекітеді;

      мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді.

      Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      25. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын басшы, оның орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер – бөлімдер құрайды.

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жағдайы мен жалақы мөлшері Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

4. Мемлекеттiк органның мүлкі

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Таратылғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады