Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 274 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.

      2. "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Петропавл қаласының әкімі С. Мұхамедиев

  Қосымша

Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасы негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) қызметкерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі

      2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі турал" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қосымша бюджет қаражатына қажеттілік қалыптастырады және "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттік өтінім жібереді.

      3. "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес қалалық бюджет комиссиясының қарауына ынталандырушы үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.

      4. Ынталандырушы үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы шешім қабылдайды.

      3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      5. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      6. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      7. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).

      8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі турал" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы өзгерген жағдайда ынталандыру үстемеақылар қайта қаралады.

      9. Еңбек шартында көрсетілген нормалар қызметкерге ынталандыру үстемеақылар белгілеу үшін негіз болып табылады:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) болашақта ұйымның қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты, күтпеген жұмыстарды шұғыл және алдын-ала орындау.

      10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы қызметкерлерге белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      6) оқу демалысы кезеңінде;

      7) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      8) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      11. Петропавл қаласының жергілікті бюджеті бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.

      12. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Петропавл қалалық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады