Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Рузаев ауылдық округі, Рузаев ауылда орналасқан әуе желілерін реконструкциялау және қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0030 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Н. Алғожин |