Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1) тармақшасына, 27-бабына, 37-бабына, 43-бабына, 48-бабына, 67-бабына, 69-бабына, 150-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы Заңының 35,37-баптарына сәйкес 2001 жылы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару" туралы, "Петропавл" жөлілік өндірістік-диспетчерлік станциясы ("Петропавл" ЖӨДС) филиал 2025 жылғы 13 ақпандағы өтініші және "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 03 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Петерфельд ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылдық округінің Петерфельдл ауылында орналасқан уақытша топырақ сарайы, материалдарды сақтау және топырақты сақтау үшін жалпы ауданы - 0,1606 га, оның ішінде алқаптар бойынша: табиғи жайылымдар 0,1546 га, жолдар 0,0060 га, жер учаскесіне 3 жыл мерзімге "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
Шектеулер, ауыртпалықтар және сервитуттар: жер учаскесі, "Транснефть-Урал" АҚ "Уфа-Омск, "Уфа-Петропавловск" ММӨҚ қорғау аймағы, "КазТрансОйл" АҚ "Түймазы-Омбы-Новосібір-2" (МН "ТОН-2") ММҚ қорғау аймағы, "КазТрансОйл" АҚ "Түймазы-Омбы-Новосібір-2" (МН "ТОН-2") ММҚ сервитутты кесіп өтеді.
2. Жер учаскесі бөлінетін болып саналады.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ауылдық округінің әкімі | А. Қасымов |