Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы өтінішінің негізінде Прибрежный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІМ:
1. "Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы" Акционерлік қоғамына жалпы ауданы 0,8196 гектар, КЛ-10 кВ электр беру желісі үшін № 7 Фидер № 110/35/10 кВ "Бишкуль" ПС № 21 тіректен ЗРУ-10 кВ дейін 1 ГВК көтеру электр желісі үшін, 49 жыл мерзімге жер учаскесіне шектеулі нысаналы жері Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі мекен жайы бойынша пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | Р. Мұстафина |