Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 84 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесіне жалпы алаңы 0,5629 гектар № 139 бекіту арматура торабы үшін 3 жыл мерзімге белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Степаненко

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы 18 наурыздағы
  № 84 қаулысына қосымша

Жер экспликациясы

№ р/с

Кадастрлық нөмір

Жер пайдаланушылардың атауы

Алаң, га

в том числе

табиғи жайылымдар

жолдар

басқалар

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

1

15-225-004-110

Кулик Н.П." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0,5629

0,4540

0,0417

0,0672

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жиыны

0,5629

0,4540

0,0417

0,0672


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады