"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тайынша ауданының әкімі | Б. Әлжанов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тайынша ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы " " сәуірдегі | |
№ қаулысымен | |
бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тайынша қ.
1. Жалпы ережелер
1. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. а "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің ведомстволары бар: "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-ның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде болуға құқығы бар.
7. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 151000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 203.
10. аОсы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не кәсіпкерлік субъектілермен мекеменің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндетері:
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси сенімдеріне, дінге деген көзқарасына және еңбек бостандығы құқығын іске асырудың кез келген өзге мән-жайларына және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;
үздіксіз біліктілік пен кәсіби деңгейді арттыру;
бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
2) міндеттері:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
коммуналдық мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарларын бекіту;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Қызметтері:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру;
2) ахалықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
3) ақолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік қаражаттарға қажеттілікті болжау және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және республикалық және жергілікті бюджет есебінен өзге де әлеуметтік көмекті көрсету;
6) еңбек нарығын талдау және болжау, аудандағы еңбек нарығының жағдайы туралы халықты және жергілікті атқарушы органдарды ақпараттау;
7) қызметкерлерді жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;
8) аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;
9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
11) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
12) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс орындарын құруды қолдау;
13) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
14) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
15) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну;
18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
19) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
20) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
21) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
22) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
23) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
24) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаториялық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
25) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
26) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшіні, жеке бағдарламаға сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
28) отбасын қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру;
29) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және консультация беру;
30) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинарларды, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
31) "Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру", "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" әлеуметтік жобасының іске асырылуын бақылау;
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің басшылығын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруға жеке жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
17. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.
18. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің бірінші басшысының өкілеттігі:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ орынбасарының, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына, шаралар қолданады көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
өз құзыреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады;
әкімшісі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын растайды;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің атынан мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда өкілдік етеді;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізеді;
коммуналдық мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды, ол үшін дербес жауапкершілік белгіленеді;
өз өкілеттіктеріне сәйкес басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары жүзеге асырады.
20. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттігін айқындайды.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
21. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің мүлкі оған меншік иесімен тапсырылған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-ге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгелер қарастырылмаса, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оларға басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
24. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, БСН 250140023379. Заңды Тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 209.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тайынша ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы "___" _______№___ | |
қаулысына 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 03 ақпандағы №44 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы №18 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 03 ақпандағы №44 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №96 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы.