Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 414 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 275/21 шешiмi

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 414 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 201859 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Тайынша қаласы, "Жеңіс" қалалық саябағы, Шоқан Уәлиханов көшесі. Шекті толу нормасы - 200 адам;";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 1-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Тайынша қаласы, жүру бағыты "Достық" орталық алаңынан Қазақстан Конституциясы, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов көшелері бойынша "Жеңіс" қалалық саябағына дейін. Шекті толу нормасы - 200 адам. Жүру бағытының ұзындығы 4,3 километр.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы С. Бекшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады