Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 252 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (сыртқы қабырғалар, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);";
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларының 22-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"22. Тұтынушы коммуналдық қызметтер үшін төлемді Осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай төлем құжаты бойынша жүргізеді.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданының әкімі | Е. Жаров |