"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы № 58 қаулысы

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 39)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "17" наурыздағы
  № 58 қаулысымен
  бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34499 болып тіркелген), "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      3. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

      4. Мекеменің құрылтайшысы мекемеге қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі (бұдан әрі-жергілікті атқарушы орган) болып табылады.

      5. Мекемеге қатысты қызметін үйлестіру функциясын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) болып табылады.

      6. Мекеменің атауы мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи" коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" .

      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев селосі, Ш. Уәлиханов көшесі, 1.

2-тарау. Мекеменің заңды мәртебесі

      8. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері бар.

      9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      10. Мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша мекемесі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылы болады.

      11. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3-тарау. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      12. Мекеме қызметінің мәні аудан аумағында мемлекеттік отбасылық саясатты, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.

      13. Мекеме қызметінің мақсаты:

      1) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

      3) бар тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері, мүмкіндігі бар адамдарға қолдау көрсету;

      4) Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

      5) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      6) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;

      7) Өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;

      8) консультациялық көмекті жүзеге асыру, адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігін бағалау және айқындау;

      9) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау жөніндегі мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру және оларды қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және өз құзыреті шегінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды іске асыру.

      14. Отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асыру.

      15. Аналитикалық жазбалар мен есептер жасау, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу.

      16. Аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру және жеке материалдық жағдайын жақсарта отырып, қиын өмірлік жағдайларды еңсере отырып, ауданда тұратын көп балалы аналардың уәждемесін арттыру.

      17. Мекеме осы Ережеде бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.

4-тарау. Мекемені басқару

      18. Мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      19. Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мекемеге мүлікті бекітеді;

      2) мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) Мекеменің Ережесін, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

      4) уәкілетті органмен келісім бойынша мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      5) мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді

      6) мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      7) мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

      9) өзіне осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Мекеменің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. Басшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, тікелей жергілікті атқарушы органға бағынады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

      23. Мекеменің жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған басшының іс-әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

      24. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;

      3) шарттар жасасады;

      4) сенімхат береді;

      5) мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) шешім қабылдайды, Орталық мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      9) Орталық қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды;

      10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;

      11) Жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      13) өз орынбасарының (орынбасарларының) және өзге де қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;

      14) жұмыстың ұтымды нысандары мен әдістерін практикаға енгізу, орталықтың материалдық-техникалық базасын дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;

      15) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      25. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды сәйкестендіру үшін Орталық екі жұмыс күні ішінде адамды "Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасарының - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қайта жібереді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген).

5-тарау. Мекеменің мүлкін құру тәртібі

      26. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:

      1) меншік иесі оған берген мүлікі;

      2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікі (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.

      27. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

      28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мекеме "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген салаларда өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджетке есепке жатқызылуға жатады.

      29. Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, Мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

      30. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.

      31. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің тексеруін және тексерісті Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

6-тарау. Мемлекеттік мекеме мен құрылтайшының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік мекеме әкімшілігінің және оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынасы

      32. Мемлекеттік мекеме мен құрылтайшы немесе Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік мекеме әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

7-тарау. Мекемедегі жұмыс режимі

      33. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

8-тарау. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      34. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

9-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      35. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.

      36. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.

      37. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мүлікті жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

      38. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

10-тарау. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер

      39. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады