Атырау облысында тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 35 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларының 35-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында тауарлық газдың тұтыну нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 25 ақпандағы
№ 35 қаулысына қосымша

Атырау облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары

Газ тұтынушыларының сипаттамасы

Өлшем бірлігі (м3)

Айлық тұтыну нормасы

1.

Газ плитасы немесе орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда

1 адамға

10,6

2.

Газ плитасы және газдық суқыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда)

1 адамға

26,3

3.

Газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газдық суқыздырғыш болмаған жағдайда

1 адамға

15,7

4.

Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтерішілік) жылыту

жылытылатын ауданның шаршы метрі үшін

12,4

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м3 - текше метр;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады