"2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 10 маусымдағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 24 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 10 маусымдағы № 108 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 30 қаңтардағы
№ 24 қаулысына қосымша
  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 108 қаулысына қосымша

2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағыттарының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары тобының
коды және атауы

2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы-ның көлемі

Оқу жылы/жылына
1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

1

6В10
Денсаулық
сақтау

6В0101
Денсаулық сақтау

B086 Жалпы
медицина

15

1 230 700

1 218 300

2

6В06
Ақпараттық коммуника-циялық технология-лар

6B061
Ақпараттық коммуникация-лық технологиялар

В057 Ақпараттық технологиялар

35

1 111 400

1 009 600

3

7R01
Денсаулық сақтау (медицина)

7R011
Денсаулық сақтау

R032
Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)

20

1 939 900

1 811 300

4



R017
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)

18

1 939 900

1 811 300

5



R019
Ангиохирургия (ересектер, балалар)

7

1 939 900

1 811 300

6



R023
Балалар хирургиясы

5

1 939 900

1 811 300

7



R004
Гастроэнтероло-гия (ересектер, балалар)

6

1 939 900

1 811 300

8



R005
Гематология (ересектер)

1

1 939 900

1 811 300

9



R012
Дерматовенерология (ересектер, балалар)

6

1 939 900

1 811 300

10



R021
Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)

1

1 939 900

1 811 300

11



R001
Кардиология (ересектер, балалар)

7

1 939 900

1 811 300

12



R018
Кардиохирургия (ересектер, балалар)

4

1 939 900

1 811 300

13



R042
Клиникалық фармакология

2

1 939 900

1 811 300

14



R020
Нейрохирургия (ересектер, балалар)

6

1 939 900

1 811 300

15



R031
Неонаталогия

7

1 939 900

1 811 300

16



R009
Нефрология (ересектер, балалар)

2

1 939 900

1 811 300

17



R024
Онкология (ересектер)

14

1 939 900

1 811 300

18



R006
Онкология және гематология (балалар)

1

1 939 900

1 811 300

19



R030
Педиатрия

5

1 939 900

1 811 300

20



R014
Радиология

9

1 939 900

1 811 300

21



R002
Ревматология (ересектер, балалар)

5

1 939 900

1 811 300

22



R025
Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)

5

1 939 900

1 811 300

23



R040
Физикалық медицина және реабилитация (ересектер, балалар)

3

1 939 900

1 811 300

24



R008
Эндокринология (ересектер, балалар)

5

1 939 900

1 811 300

Барлығы:

189




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады