Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 3 наурыздағы № 85 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 31, 37 баптарына және "Aral Resources LTD" ЖШС-ның директоры Ю.В.Митрофанскаяның Е-Otinish порталы арқылы жазған 08 қаңтар 2025 жылғы №ЗТ-2025-00048680 санды өтінішіне сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Aral Resources LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін Созақ ауданы Қарақұр ауылдық округі аумағынан алаңы 1731 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 6 жылға дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Aral Resources LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын мерзімдері мен орны, жерді рекультивациялау бойынша міндеттер және өзге де шарттарды айқындау үшін немесе заң талаптарына сай қажеттіліктер туындаған жағдайда "Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі ескертілсін.

      3. "Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына С.Мамановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.С.Тұрысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады