"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімі ШешТі:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ф.Байтугановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі А.Естибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады